Қытайдың Сыртқы істер министрлігі: Қытай халқы НАТО-ның тұрпайы әрекетін ешқашан ұмытпайды

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 7 мамыр
Қытайдың Сыртқы істер министрлігі: Қытай халқы НАТО-ның тұрпайы әрекетін ешқашан ұмытпайды

7 мамыр, онлайн «Халық Газеті» -- Қытайдың Сыртқы істер министрлігінің ақпарат хатшысы Чжао Лицзянь 6 мамыр күні: 1999 жылы 7 мамырда АҚШ бастаған НАТО Қытайдың Югославия Федеративтік Республикасындағы елшілігін бомбалап, Қытайдың үш журналистінің жанын жалмап, 20-дан астам дипломаттарын жаралаған айуандық әрекетін Қытай халқы ешқашан ұмытпайтынын және мұндай трагедияның қайталануына жол бермейтінін айтты.

Ол НАТО-ның өзін қорғаныс ұйымы деп мәлімдегенімен, шын мәнінде халықаралық құқықты талай рет бұзып, егемен елдерге қарсы қасақана соғыс жүргізіп, дүниежүзілік және аймақтық бейбітшілікке нұқсан келтіріп, көптеген бейкүнә тұрғындардың жанын жалмап, босқын болдырғанын айтты. НАТО «абсолютті қауіпсіздікті» көздеді және қырғи-қабақ соғыстан кейін қатарынан бес рет шығысқа қарай өріс кеңейтті. Бұл Еуропаны қауіпсіз етудің орнына, Ресей мен Украина арасындағы қақтығысқа мұрындық болып, Еуропа құрлығында соғыстың отын қайта тұтатты.

Чжао Лицзянь былай деді: «Қырғи-қабақ соғыс әлдеқашан бітті, бүкіл дүние жүзі халқының ортақ арманы бейбітшілікке ұмтылу, ынтымақтастыққа талпыну және дамуды ілгерілету. Америка Құрама Штаттары бастаған НАТО жағдайға байланысты қажетті түзетулер жасап, «қырғи-қабақ соғыс» менталитетінен толық бас тартып, лагерьлер арасында қақтығыс тудыруды және Еуропада, Азия-Тынық мұхиты аймағында, тіпті әлемде шиеленіс тудыруды тоқтатып, нақтылы әрекетімізбен дүние жүзінің бейбітшілігіне, тұрақтылығына және дамуына үлес қосуымыз керек. 

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото