Жұматай Әубакірұлы – малшылар денсаулығының қорғаушысы

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 7 мамыр

7 мамыр, онлайн «Халық Газеті» -- Көшпелі өмір сүрген қазақтар жыл бойы шөптің шүйгінін, судың тұнығын қуып тіршілік етеді. Жұматай Әубакірұлы 30 жыл бойы Шыңжаң Іле қазақ автономиялы облысы Текес ауданы Бозадыр шаруашылығындағы малшылардың жанынан табылып келеді.

«Ат үстіндегі көшпелі дәрігер»

Малшылардың ауруын емдеу үшін тау аысп, тас басып, жүздеген шақырым жол жүру Жұматайдың күнделікті әдетіне айналған.

Бозадыр – Шыңжаңның Іле қазақ автономиялы облысы Текес ауданындағы ең үлкен қыстау. Мұнда жыл сайын 1500 отбасынан астам малшылар мен 300 мыңнан астам мал қыстайды. Бозадыр шаруашылық емханасы Тяньшань тауларының бөктеріндегі Үйсін көне жолының бойында орналасқан. Бұл араның жолы өте қатерлі, малшылар аса бытыраңқы қоныстанған, шалғай жерлерге Жұматай кейде екі күн жол жүріп жетеді.

Үш ұрпақтың «Дәрі сандығы»

Жұматайдың әкесі ауыл дәрігері болған. 1989 жылы Жұматай Іле денсаулық колледжіне оқуға барарда, әкесі: «Ауылда дәрігерлер жетіспейді, оқуды бітірген соң ауыл дәрігері бол», –деп тапсырма береді.

Жұматай 1992 жылы оқу орнын бітіріп, аудандық Бозадыр Көксу арасан емханасына қызметке жіберіледі. Сөйтіп, әкесінің «Дәрі сандығын» алып, шаруалардың денсаулығын қорғау сынды міндетті мойнына алады.

Ол кезде мал шаруашылық районындағы емхананың жағдайы өте қарапайым еді. Екі ауыз тозығы жеткен ағаш үй ғана бар, су, жарық, медициналық құрал-жабдықтар атымен жоқ, қарт дәрігер де зейнетке шыққалы отырған. Осындай жерде Жұматай 30 жыл істейді. Әсіресе, алғашқы 20 жылда малшылардың денсаулығын сақтаудың маңызды міндетін жалғыз өзі дерлік қолға алып келді.

Ең алғашқы 6 жыл ішінде Жұматай екі рет ауыр жарақат алып, бір жолы тіпті өлім аузынан қалады. Алайда қия жол оған бөгет болған емес. Біреу ауыра қалса Жұматай күндіз-түні демей бірден жолға шығады. Ол тауда болған 30 жыл ішінде 260 000 шақырымнан астам жол жүріп, барлық этностардың малшыларына қызмет етіп, оларға үнемдеп берген емдеу қаражаты 170 000 юаньннан асқан.

Шамадан тыс жұмыстың салдарынан Жұматай жүрек ауруына ұшырап, үстіртте жұмыс істеуге қолайсыз болса да «Мен мұндағы малшыларды қиып кете алмаймын, оларға керекпін» деп ауданның бірнеше рет қызметіңізді алмастырыңыз деген ұсынысынан бас тартты.

Қазір медициналық зертхана технологиясы мамандығы бойынша оқып жатқан Жұматайдың ұлы Айдос атасы мен әкесінің ізін басып, әкесінің «Дәрі сандығын» қолына алып, тау қойнауындағы малшылардың денсаулығын қорғауға дайындалуда.

«Ең әдемі ауыл дәрігері»

Бүгінде партия мен мемлекеттің қамқорлығы арқасында Бозадыр шаруашылық емханасында бірқатар өзгерістер болды. Жаңа аурухана салынды, медициналық құрал-жабдықтар толықты. Кезіндегі жалғыз ат, бір сандығы, бір ақ халаты бар Жұматайда бүгін жеке кабинет болды. Бозадыр қыстауының жолы жөнделді, электр желілері қосылып, малшылар байланысқа оңай шыға алатын болды.

Шыңжаң ақпарат құралдарының хабарлауынша, Жұматай медициналық технологияны жетілдіру мақсатында 2016 жылдан бастап жергілікті Қытай медицинасы ауруханасына жиі барып, қытай медицинасының диагностикасы мен емдеу әдістерін үйреніп, оны әрі қарай қызметтестеріне үйретіп білімін толықтырып келеді. Жұматай: «Қазір малшылар қытай медицинасын ерекше көреді. Елдің игі саясатының арқасында қазір малшылардың дәрігерге көріну қиындығы шешілді»,- дейді.

Шыңжаңға көмектескелі басқа өлкелерден келген дәрігерлердің жетекшілігімен Жұматай Қытайдың дәстүрлі медицинасы мен ине шаншып емдеу әдістерін жүйелі түрде меңгерді. Осыларды меңгергеннен кейін ол бір жағынан малшылардың денсаулығын тексеріп, бір жағынан партияның үнін малшыларға дер кезінде жеткізіп отырды.

Бүгінде малшылардың тұрмысы да бұрынғыдан өзгерген. Ауыл тұрғындары медициналық сақтандыруға ие, жыл сайын тегін медициналық тексеруден өтеді. Обылыстық денсаулық және жоспарлы туыт комиссиясы Бозадыр емханасына қаржылық және материалдық қолдау көрсетумен қатар, жалпы тәжірибелік дәрігерлерді оқыту арналарын кеңейту, емхананың талантты тобын байыту үшін жұмыс жасауда.

Партия үнін жеткізуші

Жұматай 3000 метрден астам биіктіктегі Бозадыр шаруашылық аймағында малшылардың жанына арашашы болып, олардың ең аяулы жанына айналды. Өзінің адалдығы мен тамаша кәсіптік талантының арқасында Жұматай ұлттық моральдық үлгі және 1 мамыр ұлттық еңбек медалі сияқты марапаттарға ие болды, сонымен қатар Қытайдың «Ең әдемі ауыл дәрігері» атанды.

2015 жылдың 30 қыркүйегінде Жұматай Әубәкірұлын Бейжіңдегі Халық құрылтайы сарайында Тибет, Ішкі Моңғұл, Гуанси және басқа жерлерден келген 12 бүкіл ұлттық этникалық бірліктің өкілдерімен бірге Бас хатшы Си Цзиньпин қабылдады.

7 жыл өтсе де Жұматай бас хатшы Си Цзиньпиннің сөзі әлі жанында жатталып жүргенін айтады. Ол Бас хатшының өзіне екі талап қойғанын айтты: бірі – жақсы маман болу, екіншісі – этникалық бірлік қызметін жауапты атқару.

Жұматай ауылына оралғаннан кейін ауру көру орайын пайдаланып, партияның халыққа пайда келтіру саясатын, ұлт саясатын, денсаулық сақтау саласындағы білімді малшыларға кеңінен насихаттап келеді.

«Шыңжаң көп ұлтты аймақ, ұлт бірлігі күннің нұры мен ауадай маңызды. Мен күнделікті сөзім мен ісім арқылы ұлттар бірлігі идеясын әр шаңыраққа жеткізуім керек», - дейді ол. 

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото