Қытайдың жалпы қызмет импорты мен экспорты өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 25,8%-ға өсті

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 7 мамыр

7 мамыр, онлайн «Халық Газеті» -- Тілшінің 5 мамырда Сауда министрлігінен хабарлағанындай, биылғы жылдың бірінші тоқсанында Қытайдың қызмет көрсету саудасы қарқынды өсуді жалғастырды. Қызмет импорты мен экспортының жалпы көлемі 1 456,99 миллиард юань болып, өткен жылмен салыстырғанда 25,8 пайызға өсті; оның ішінде қызмет көрсету экспорты 713,98 миллиард юань болып, 30,8 пайызға артты, импорт 743,01 миллиард юань болып, 21,3 пайызға өсті. Қызмет көрсету экспортының өсімі импорттан 9,5 пайыздық тармаққа жоғары болып, қызмет саудасының тапшылығы 56,4 пайызға төмендеп, 29,03 миллиард юаньға жетті.

Білімді қажет ететін қызмет саудасы тұрақты өсті. Бірінші тоқсанда Қытайдың ғылымды қажет ететін қызмет импорты мен экспорты 615,66 миллиард юаньға жетіп, 14,1%-ға өсті. Оның ішінде, ғылымды қажет ететін қызмет экспорты 350,06 миллиард юань болып, 16,3 пайызға өсті, экспорттың қарқынды өскен салалары телекоммуникация компьютерлері және ақпарат қызметтері, басқа да коммерциялық қызметтер, зияткерлік меншік роялтилері болып, бұлар сәйкесінше 22,1%, 14,6% және 11,2%-ға өсті. Білімді қажет ететін қызмет импорты 265,6 миллиард юань болып, 11,4%-ға өсті, импорттың ең жылдам өскен саласы сақтандыру қызметтері болып, жоғарылау қарқыны 134,9%-ға жетті.

Туристік қызметтердің импорты мен экспорты біршама қалпына келді. Бірінші тоқсанда Қытайдың туристік қызмет импорты мен экспорты 215 миллиард 550 миллион юаньға жетіп, 12,6 пайызға артса, ал импорт 15,4 пайызға өсті. Туристік қызметтерді есептемегенде Қытайдың қызмет импорты мен экспорты бірінші тоқсанда 28,4%-ға өсті, оның ішінде экспорт 32,3%-ға, импорт 23,7%-ға артты. 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда қызмет импорты мен экспорты 55,8%-ға өсті. Оның ішінде экспорт 70%-ға, импорт 40,7%-ға жоғарылады.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото