Алтайда өткен қар-мұз спорт жарысы

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 7 мамыр

7 мамыр, онлайн «Халық Газеті» -- Жаз келсе де, Шыңжаңның Алтай аймағындағы Ушілік далалық қар саябағында табиғи мұз бен қар қоры әлі де бар. 6 мамыр күні саябақта «Мамыр демалысындағы қар-мұз шаттығы» атты шаңғы жарысы басталды. Бұл екі күнге созылатын жарыс 6 түрден өтетіні, соның ішінде ерлер арасында дәстүрлі 7,5 км, әйелдер арасында дәстүрлі 2,5 км және ерлер арасында 3×2,5 км эстафетасы бар екені хабарланды. Шыңжаң шаңғы командасы мен Алтай аймағының әуесқой шаңғы командасының 31 спортшысы бір алаңда бақ сынайды. Алтай дүние жүзіндегі шаңғы тебудің алтын ендігінде орналасқан, «Адамзаттың алғаш шаңғы тепкен жері» деген атағы бар, қар ресурстарына бай аймақ. Жылдық қар жауу мерзімі 170-180 күн, ал қардың жиналу мерзімі 210 күн. Бұл өлке «Алғашқы шаңғы аймағы», «Қытайдың қар қаласы» деген атқа ие.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото