«Мицус» 1200 км жер бетіндегі кванттық күйді берудің жаңа рекордына қол жеткізді

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 7 мамыр

7 мамыр, онлайн «Халық Газеті» -- Тілші 6 мамырда Қытайдың Ғылым және технология университетінен хабарлағанындай, академик Пан Цзянвэй мен оның әріптестері Пэн Ченчжи, Чень Юао, Инь Цзуан және басқалары «Мицус» кванттық ғылыми тәжірибелік спутнигін пайдаланып, жақында Жердегі бір-бірінен 1200 километр қашықтықта орналасқан екі жерүсті станциясы арасында кванттық күйлердің алыс қашықтыққа берілуін алғаш рет жүзеге асырды. Бұл кванттық ақпаратты өңдеу және кванттық байланыс желісін құру жолындағы маңызды қадам болып табылады.

Алыс қашықтыққа кванттық күй беруді жүзеге асыру үшін, кванттық телепортацияны пайдалану кванттық байланыс желісін құрудың маңызды тәсілі болып табылады. Дегенмен, жүзеге асыру процесінде кванттық түйіспелердің таралу қашықтығы мен сапасына ақпараттық арнаның әлсіреуі және декогеренция сияқты факторлар әсер етеді. Тасымалдау қашықтығының кедергісі халықаралық кванттық байланыс зерттеулеріндегі негізгі мәселелердің бірі.

Қытай ұшырған әлемдегі алғашқы кванттық ғылыми тәжірибелік «Мицус» спутнигі адамзатқа алыс қашықтықтағы кванттық байланысты зерттеуге жаңа платформа ұсынады.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото