Ресей-Украина қақтығысындағы Американың бет-бейнесі: Америка пайдаға кенеліп, Еуропа шығынға батты

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 9 мамыр

9 мамыр, онлайн «Халық Газеті» -- Америка Құрама Штаттары басқаратын НАТО-ның шығысқа қарай үздіксіз кеңеюі Ресей мен Украина арасындағы қақтығыстың негізгі себептерінің бірі болып табылса да, қақтығыстың шығынын негізінен Еуропа көтереді.

Үстіміздегі жылдың 24 наурызында АҚШ Президенті Байден G7 саммитінен кейін сөз сөйлеп, «НАТО ешқашан бүгінгідей біріккен емес» деп атап көрсетті. Президенттің бұл пікірі, сөзсіз, Еуропаны АҚШ-тың гегемониясының арбасына «таңып», оны АҚШ санкцияларының қадамына ілесуге және бұдан болатын шығынды мойнына алуға мәжбүр етті.

Ресейге қарсы ауқымды санкциялардан зардап шеккен Еуропаның көптеген экономикалық көрсеткіштері төмендеп кетті. Еурокомиссияның Экономикалық мәселелер жөніндегі комиссары Джентилони бұған дейін Ресей-Украина қақтығысы басталғаннан кейін шикізат бағасының өсуі инфляцияны жаңа ең жоғары деңгейге жеткізгенін, сауда байланыстарының үзілуі тасымалдау жүйесіне қысымды күшейтіп, тұтынушылардың сенімі айтарлықтай төмендегенін, бұл Еуропа экономикасына ауқымды нұқсан келтіргенін айтты. Соғыс салдарынан туындаған босқындар мәселесі де Еуропа елдеріне үлкен салмақ салды. Біріккен Ұлттар Ұйымының босқындар ісі жөніндегі агенттігі сәуірдің 20-сы күні 5 миллионнан астам украиндық көрші Еуропа елдеріне ағылып, бұрын-соңды болмаған босқын дағдарысын тудырғанын хабарлады.

Ресей мен Украина арасындағы қақтығыстың бастамашысы ретінде АҚШ зор пайдаға кенеліп отыр. Қаржы нарығындағы қор саласы күрт құлдырады, еуро құнсызданды және еуропалық қауіпсіз қорлар үлкен мөлшерде Америка Құрама Штаттарына ағылды; босқындар мәселесінде Америка Құрама Штаттары наурыз айында тек 12 украиндық босқынды қабылдады, ал Көптеген украиндық босқындар әлі де АҚШ-Мексика шекарасында қалып отыр; Ресей мен Украина қақтығысы басталғаннан бері АҚШ-тың әскери алпауыттары акцияларының бағасы шарықтап, «соғыс табысына» қарық болуда.

Ресей-Украина қақтығысында кім пайдаға кенеліп, кім зардап шеккендігі айтпаса да түсінікті.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото