Қытай Сыртқы істер министрлігі:
АҚШ-тың Демократия үшін Ұлттық Қоры – «Екінші ЦРУ»

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 10 мамыр

10 мамыр, онлайн «Халық Газеті» -- Сыртқы істер министрлігінің ақпарат хатшысы Чжао Лицзянь 9 мамыр күні кезекті баспасөз мәслихатында тілшінің сауалына төмендегідей жауап берді: «Сыртқы істер министрлігінің веб-сайты 7 мамырда «АҚШ-тың Ұлттық демократиялық қоры туралы кейбір деректер тізімін» жариялады. Бұл алты негізгі бөлімнен тұратын, шамамен 12 000-ға жуық әріптік материал ашық ақпараттардан жиналған жүздеген нақты істер арқылы Демократия үшін Ұлттық Қордың шынайы бет-бейнесін әлемге толығымен ашады, былайша айтқанда, АҚШ-тың Демократия үшін Ұлттық Қоры – «Екінші ЦРУ».

Жао Лицзянь былай деді: «АҚШ ұзақ уақыт бойы демократияны құралға, тіпті қаруға айналдырып, демократияның атын жамылып оған қарсы әрекет етті. Сепаратизм мен текетіресті қоздатып, басқа елдердің ішкі ісіне араласу салдарынан апатты зардаптарды туғызды. АҚШ үкіметінің «шабарманы» ретінде Ұлттық демократия қоры басқа елдердің заңды үкіметтерін бұзып, «демократияны алға жылжытамыз» деген желеумен АҚШ-ты қолдайтын қуыршақ күштерді өсіруде.

Тарихқа көз жүгіртсек, Кеңес Одағының ыдырауы, Грузиядағы «Раушан революциясы», Украинадағы «Қызғылт сары революция» және «Араб көктемі» сияқты Америка Құрама Штаттары ұйымдастырған «түрлі-түсті революциялардың» астарында Демократия үшін Ұлттық Қордың ықпалы жатыр, - деді Чжао Лицзянь. Демократия үшін ұлттық қор Таиландта наразылық шерулерін тудырды, Никарагуа оппозициясын билікті күшпен басып алуға айтақтады, үкіметке қарама-қайшы көңіл-күйді қоздату үшін Кубаға қарсы күштерді қаржыландырып, ұзақ уақыт бойы әртүрлі тәсілдермен Венесуэланың ішкі ісіне араласты. Ұлттық демократия қоры дүниеге бейбітшіліктің орнауын қарсы. Тұрақты әлеуметтік даму мен халықтың тыныштық пен қанағатта өмір сүріп, еңбек етуіне емес, бұқараның күнкөрісі төмендеп, экономика құлдырап, әлеуметтік текетірес сияқты жағымсыз салдардың орны алуына мүдделі.

Чжао Лицзянь былай деді: «Ұлттық демократия қоры Қытайға деген теріс ниетін сақтап келеді. Жыл сайын қыруар қаржы салып, әртүрлі тәсілдермен «Шыңжаң тәуелсіздігі», «Сянган тәуелсіздігі» және «Тибет тәуелсіздігі» сияқты Қытайға қарсы әрекеттерді жүзеге асыруға құлшынып отырады. Сондай-ақ бұл қор сепаратизмді қоздыруға және Тайвань бұғазының тұрақтылығын бұзуға әрекеттеніп, «Тайвань тәуелсіздігі» күштерімен тіл табысып, бұғаздың екі жағындағы халықтың ашуы мен қарсылығын тудырып отыр».

Чжао Лицзяньның айтуынша, Демократия үшін Ұлттық Қорды «екінші ЦРУ» деп атауға да болады. Қор ешбір жағдайда «басқа елдердегі демократияны қолдауды қамтамасыз ететін» «ҮЕҰ» емес. Керісінше, ол тікелей АҚШ үкіметінің басшылығымен үкіметтік емес ұйымдарды қаржыландыру, бүлдіру, ену, астарлы қарсылық ұйымдастыру және АҚШ-тың стратегиялық мүдделеріне қызмет ету түріндегі айла-шарғыны қолданады. Көп ұзамай Халықаралық қауымдастық Ұлттық Демократия үшін Қордың шынайы бет-бейнесін барған сайын тани түсетін болады және Ұлттық демократия үшін қордың келеңсіз әрекеттерін әр түрлі формада әшкерелейтін елдердің саны көбейе түседі.

«Әлемдегі бейбітшілік пен даму әлі де дәуірлік маңызы бар мәселе болып табылады. Ұлттық демократия қоры басқа елдердің ішкі істеріне араласу үшін қандай да бір жасырын түрде әрекет етсе де, соңында сәтсіздікке ұшырайды»,-деді Чжао Лицзянь.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото