Сәуір айының соңында Қытайдың сыртқы резервтері 3 119,7 миллиард долларын құрады

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 10 мамыр

10 мамыр, онлайн «Халық Газеті» -- 7 мамырдағы мемлекеттік валюта басқармасы жариялаған мәліметтерге сәйкес, Қытайдың валюталық қоры сәуір айының аяғында 3 119,7 миллиард долларды құрады.

Мемлекеттік валюта басқармасы директорының орынбасары және баспасөз хатшысы Ван Чуньиннің айтуынша, сәуір айында Қытайдың трансшекаралық капиталы тұтастай алғанда таза ағынға ие болды, ал ішкі валюта нарығындағы сұраныс пен ұсыныс негізінен теңгерімділікті сақтады.

Ван Чуньин былай деді: «Қазіргі сыртқы орта күрделі және белгісіздікке толы: дүниежүзілік экономиканың жандануы бәсеңдеп, халықаралық қаржы нарығы тұрақсыз болуда. Алайда Қытай індеттің алдын алу мен бақылауды экономикалық және әлеуметтік дамумен үйлестірді. Экономиканың икемділік қуаты, жеткілікті әлеуеті, кең маневрлік мүмкіндігі және ұзақ мерзімді оң шешімдері өзгермейді. Бұл валюталық резервтер ауқымының жалпы тұрақтылығын сақтауға қолайлы болмақ.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото