Қытай төрағасы Си Цзиньпин Франция президенті Эммануэль Макронмен телефон арқылы сөйлесті

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 11 мамыр

11 мамыр, онлайн «Халық Газеті» -- Қытай төрағасы Си Цзиньпин 10 мамыр күні Франция президенті Эммануэль Макронмен телефон арқылы сөйлесті.

ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин былай деп атап көрсетті: Ғасырда болмаған үлкен өзгерістер алдында Қытай мен Франция БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты мүшелері және ірі тәуелсіз елдер ретінде «Тәуелсіздік, өзара түсіністік, көрегендік, өзара тиімділік және ортақ ұтыс» дипломатиялық қатынастарды орнатудың бастапқы ниетін ұстанып, жақын және тұрақты жан-жақты стратегиялық серіктестік ұстанымына табанды болып, бір-бірінің негізгі мүдделері мен негізгі мәселелерін өзара құрметтеу, екіжақты, Қытай-Еуропа және жаһандық деңгейде тығыз үйлестіру мен ынтымақтастықта болу керек.

Си Цзиньпин екіжақты диалог механизмі арқылы алдағы бес жылда Қытай-Франция ынтымақтастығының басымдықтарын жоспарлап, азаматтық ядролық энергетика және аэроғарыш сияқты дәстүрлі салалардағы ынтымақтастықты дамыта отырып, жасанды интеллект пен таза энергия сияқты дамып келе жатқан салалардағы ынтымақтастықты арттыру қажет екенін атап өтті. Қытай мен Франция шынайы көпжақтылықты ұстанып, Біріккен Ұлттар Ұйымын ұйытқы еткен халықаралық жүйені және халықаралық құқыққа негізделген халықаралық тәртіпті сақтауы, әлемнің көп үйектенуі мен экономикалық жаһандануын қолдауы, климаттың өзгеруі мен биоәртүрлілікті сақтау сияқты салалардағы ынтымақтастықты тереңдетулері керек екенін атап өтті. G20 елдері мен халықаралық азық-түлік және энергетикалық қауіпсіздік сияқты байланыс пен түйістіруді күшейтіп, Африкада және басқа аймақтарда үшжақты ынтымақтастықты кеңейтіп, жаһандық даму бастамалары мен жаһандық қауіпсіздік бастамалары бойынша ұштастырулар жасап, ынтымақты зерттеу керек екенін айтты.

Си Цзиньпин тағы мыналарды айтты: Қытай мен Еуропа қарым-қатынасының тұрақты әрі салауатты дамуы Қытай, Еуропа және басқа елдер халқының мүдделеріне сәйкес келеді. Қытай тарапы француздық тараптың стратегиялық тәуелсіздікке табандылығын жоғары бағалайды және француз тарапы Еуропа одағының Қытайды дұрыс түсінуге, Қытаймен бір бағытта дамып, келіспеушіліктерді дұрыс реттеп, бақылауға, сондай-ақ ортақ мүдделер негізінде экономика, сауда, жасыл, цифрлық, гуманитарлық сияқты салаларда алмасулар мен ынтымақтастықтарды тереңдетуге ықпал етеді деп үміттенеді. Франция ЕО-ның кезекті төрағалығы ретінде Қытай мен Еуропа қарым-қатынасының салауатты дамуын ілгерілетуде белсенді рөл атқарады деп күтеміз.

Макрон соңғы бес жылда екі елдің түрлі саладағы ынтымақтастығы жемісті болғанын айтты. Француз тарапы алдағы бес жылда Қытай тарапымен ауыл шаруашылығы, авиация, азаматтық ядролық энергетика, гуманитарлық байланыстар сияқты салалардағы ынтымақтастықты тереңдету және климат өзгерісі, биоәртүрлілікті қорғау сияқты салалардағы ынтымақтастықты нығайтуға, сөйтіп Франция-Қытай қарым-қатынастарын оң нәтижелерге қол жеткізуге дайын. Француз тарапы Еуропа мен Қытай арасындағы қарым-қатынастарды дамытуда белсенді рөл атқаруға дайын.

Екі елдің көшбасшылары Украинадағы жағдай бойынша пікір алмасып, барлық мүдделі тараптар Ресей мен Украина келіссөздер арқылы бейбітшілікті қалпына келтіруін қолдауы керек деп келісті.

Си Цзиньпин Қытайдың бейбіт келіссөздерді өз жолымен алға жылжытып келе жатқанын және Еуропа елдерінің еуропалық қауіпсіздікті өз қолдарына алуын қолдайтынын баса айтты. Біз жаһандық қауіпсіздік пен тұрақтылыққа бұдан да үлкен, әрі ұзаққа созылатын қатер төндіретін топтық қарама-қайшылықтың қалыптасуына қарсы ерекше қырағы болуымыз керек.

Макрон Украина мәселесінде Франция мен Қытайдың көптеген консенсусқа ие екенін айтты. Француз тарапы Қытай тарапымен екіжақты және көпжақты деңгейде тығыз түйістіру мен ынтымақтастықты жүзеге асыруға дайын. Франция мен ЕО тәуелсіздік пен автономия стратегиясын ұстанады және блоктық қарама-қайшылыққа келіспейді және қатыспайды. 

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото