АҚШ-тың «АҚШ-Тайвань қарым-қатынастарының фактілер тізімін» қайта қарауы өз басына шоқпар болып тиеді

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 11 мамыр
АҚШ-тың «АҚШ-Тайвань қарым-қатынастарының фактілер тізімін» қайта қарауы өз басына шоқпар болып тиеді

11 мамыр, онлайн «Халық Газеті» -- АҚШ Мемлекеттік департаментінің веб-сайтындағы «АҚШ-Тайвань қарым-қатынастарының фактілер тізімінің» жуырда жаңартылуы мен қайта қаралуына жауап ретінде Қытайдың Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Чжао Лицзянь 10 мамыр күні Тайвань мәселесінде мұндай саяси айла-шарғы жасау және Тайвань бұғазының қазіргі жағдайын өзгертуге ниеттену әрекеті сөзсіз АҚШтың өз басына шоқпар болып тиетінін айтты.

Чжао Лицзянь: «Дүниеде бір ғана Қытай бар, Тайвань Қытай территориясының ажырамас бөлігі, Қытай Халық Республикасының үкіметі бүкіл Қытайға уәкілдік ететін жалғыз заңды үкімет. Бұл халықаралық қауымдастықтың жалпы консенсусы және халықаралық қатынастардың қабылданған нормасы екенін айтты. Тарихты бұрмалауға, фактілерді жоққа шығаруға, дұрыс пен бұрысты бұрмалауға болмайды. Америка Құрама Штаттары үш Қытай-АҚШ-тың бірлескен коммюникесінде Тайвань мәселесі мен бір Қытай принципі бойынша салтанатты уәделер берген. Оның қазіргі «АҚШ-Тайвань қарым-қатынастарының фактілер тізімін» қайта қарауы – бір Қытай принципін бұзуға баратын қадам. Тайвань мәселесінде мұндай саяси айла-шарғы жасау және Тайвань бұғазының қазіргі жағдайын өзгертуге ниеттену әрекеті сөзсіз АҚШтың өз басына шоқпар болып тиеді»-,деді.

Баспасөз хатшысы: «АҚШ бір Қытай принципі мен үш Қытай-Америка бірлескен коммюникесін ұстанып, Тайвань мәселесінде Қытайға берген саяси уәделерінде тұрып, АҚШ президенті Байденнің АҚШ «Тайвань тәуелсіздігін» қолдамайды деген мәлімдемесін орындап, Тайваньға қатысты мәселелерді пайдаланып, саяси айла-шарғы жасап «Тайваньды Қытайды басқару үшін пайдалануды» тоқтату керек»,- деді.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото