Қытай биологиялық қауіпсіздік тәуекелдерінің алдын алу мен бақылауды күшейтеді

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 11 мамыр
Қытай биологиялық қауіпсіздік тәуекелдерінің алдын алу мен бақылауды күшейтеді

11 мамыр, онлайн «Халық Газеті» -- Қытайдың Ұлттық даму және реформа комиссиясы 10 мамырда «Биоэкономиканы дамытудың 14-бесжылдық (2021-2025 жж.) жоспарын» шығарды. Жоспар қорғаныстың жаңа үрдісі «пассивті қорғаныстан» «белсенді қорғанысқа» көшуге орай, ұлттық биологиялық қауіпсіздік тәуекелдерінің алдын алу мен бақылау-басқару жүйесінің құрылымын күшейтіп, халықтың биоқауіпсіздікті жақсартуға деген жаңа тілектерін қанағаттандыруды ұсынады.

Ұлттық қауіпсіздіктің жалпы тұжырымдамасын, жалпы даму мен қауіпсіздік талаптарын жүзеге асыруға назар аудара отырып, биологиялық қауіпсіздік тәуекелдерінің алдын алу мен бақылау-басқарудың ұлттық жүйесін құруға көңіл бөліп, жоғары деңгейдегі жобаны жетілдіру, биологиялық қауіпсіздіктің ұлттық заңдары мен ережелерінің жүйесін құру, жаңадан, кенеттен туатын жұқпалы сырқат түрлерінің, жануарлар мен өсімдіктер індетінің алдын алу және емдеу әлеуетін арттыру, сонымен бірге ұлттық биологиялық қауіпсіздік кепілдігінің әлеуетін жан-жақты жақсарту керек.

Жоспар биоқауіпсіздікті жаһандық басқаруға белсенді қатысуды, биологиялық қауіпсіздіктің барған сайын күрделі мәселелерін шешу үшін халықаралық қоғамдастықпен бірлесе отырып, биологиялық қауіпсіздік саясатын қалыптастыру, тәуекелдерді бағалау, төтенше жағдайларға төтеп беру, ақпарат алмасу, әлеуетті арттыру сынды салаларда екіжақты және көпжақты ынтымақтастық пен алмасуды нығайтуды ұсынады. Сөйтіп әлемге қытай даналығы мен қытай шешімін қосуы керек екенін көрсетеді.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото