Бейжіңде жүргізушісіз шағын автобустардың алғашқы легі жолға шықты

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 11 мамыр

11 мамыр, онлайн «Халық Газеті» -- Жақында Бейжіңнің желіге қосылған интеллектуалды жолаушылар автобустарының бірінші партиясы жол сынағы лицензиясын алып, ресми түрде жолға шықты.

Наурыз айының соңында Бейжіңнің Автономды жүргізу басқармасы интеллектуалды желілік жолаушылар автобустарын басқаруға арналған алғашқы ережелерін шығарды. «1 мамыр» демалысынан кейін интеллектуалды желілік жолаушылар автобустарының алғашқы легі Бейжіңнің Ижуан аумағында жол сынақтарын өткізуде көш бастады.

Бұл «жүргізушісіз автобустар» жолаушыны шектеулі, аз қабылдайды, жүргізуші болмағанымен, мүлдем «жүргізушісіз» деуге де болмайды. Көлік құралының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін, әрбір көлік құралы үшін қауіпсіздік қызметкері болумен қатар, көліктегі тәртіпті басқаруға да арнайы қызметкер тағайындалды.

Қазіргі уақытта Байду және Цинчжоу Жихан Бейжіңнің Ижуан аумағының 60 шаршы шақырым аймағында желіге қосылған интеллектуалды жолаушылар автобустарының жол сынақтарын жүргізуге рұқсат алды.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото