Си Цзиньпиннің «Дипломатиялық баяндамалар жинағының» бірінші және екінші томы жарық көрді

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 12 мамыр

12 мамыр, онлайн «Халық Газеті» -- Қытай Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің Партия тарихы мен құжаттарды зерттеу институты редакциялаған «Си Цзиньпин Дипломатиялық баяндамалары» жинағының бірінші және екінші томы жақында Орталық партия әдебиеті баспасынан басылып, елге тарады.

Дипломатиялық баяндамалардың бұл екі томына 2013 жылдың наурызынан 2021 жылдың қарашасына дейінгі кезеңдегі Си Цзиньпин жолдастың халықаралық іс-шараларда жасаған 136 баяндамасы, жазбаша және ауызша сөзі, дәрістері енген.

Си Цзиньпин жолдас Қытайлық ерекшелікке ие ірі ел дипломатиясының бас жобалаушысы ретінде бірқатар халықаралық шараларда сөз сөйлеп, Қытайлық ерекшелікке толы, заманның рухын бейнелейтін, адамзат дамуы мен алға жылжу үрдісіне ықпал ететін жаңа тұжырымдамаларды, тың идеялар мен жаңа бастамалар тізбегін алға тартты.

Бұл жаңа тұжырымдамалар, тың идеялар мен жаңа бастамалар Си Цзиньпиннің дипломатия туралы ойының маңызды мазмұны және Си Цзиньпиннің жаңа дәуірдегі қытайлық сипатқа ие социализм туралы пікірінің маңызды бөлігі болып табылады. Төрағаның баяндамалары жаңа үлгідегі халықаралық қатынастарды және тағдыры ортақ адамзат қауымдастығын құруға ықпал ету үшін, жаңа дәуірде қытайлық ерекшеліктерге ие ірі ел дипломатиясының жаңа бағытын қалыптастырып, қуатты заманауи социалистік елді жан-жақты құрып, халқының ұлы жаңғыруы туралы Қытай арманын жүзеге асыруға қолайлы халықаралық орта жасау үшін аса маңызды бағдарламалық мәнге ие. 

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото