Қытай Сыртқы істер министрлігі: БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссарының Қытайға сапарлауын және Шыңжаңға келуін қарсы аламыз

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 12 мамыр

12 мамыр, онлайн «Халық Газеті» -- Қытай Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Чжао Лицзянь 11 мамырдағы кезекті баспасөз мәслихатында, Қытай Біріккен Ұлттар Ұйымының Адам құқықтары жөніндегі жоғарғы комиссары Бачелет ханымның мамыр айында Қытайға сапарлауын және Шыңжаңға келуін қарсы алатынын айтты.

Чжао Лицзянь Жоғарғы комиссар кеңсесінің алдыңғы легі Қытайға келіп болғанын және қазіргі уақытта індет талаптарына сәйкес карантинге алынғанын, алайда олар осы сәттің өзінде жұмысқа кіріскенін жеткізді. Екі тарап сапардың нақты шаралары бойынша кеңесуде.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото