Сыртқы істер министрлігі: АҚШ Қытайдың өзекті мүдделеріне қатысты мәселелерде отпен ойнамауы тиіс

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 13 мамыр

13 мамыр, онлайн «Халық Газеті» -- Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Чжау Лицзянь 12 мамырда Америка Құрама Штаттары Тайваньға қатысты мәселелерді саяси айла-шарғы ретінде пайдалануын және “Тайвань арқылы Қытайды ауыздықтау ойынын” тоқтатып, «ынтымақтастық» деген желеумен жақтастарын жинап, Қытайдың өзекті мүдделеріне қатысты мәселелерде отпен ойнамауы керек екенін айтты.

Чжау Лицзянь Тайвань мәселесінде «Бір Қытай принципі» халықаралық қауымдастықтың танитын және мойындайтын ортақ халықаралық қатынастар кодексі екенін атап көрсетті. «АҚШ бір Қытай принципі мен қытай-американ үш бірлескен коммюникелеріне бағынып, Тайвань мәселесі бойынша Қытайға берген саяси уәдесінде тұрып, Президент Байденнің АҚШ «Тайвань тәуелсіздігін» қолдамайды деген мәлімдемесін орындап, Тайвань мәселесін пайдаланып саяси айла-шарғы жасамай, «Тайвань арқылы Қытайды ауыздықтау ойынын» тоқтатуы керек»,-деді Чжау Лицзянь.

Чжау Лицзянь АҚШ-АСЕАН саммитіне қатысты былай деді: «АҚШ аймақтан тыс ел ретінде аймақтық бейбітшілік пен тұрақтылыққа нұқсан келтірудің орнына, аймақтық бейбітшілік пен дамуда оң және сындарлы рөл атқаруы керек. Америка Құрама Штаттары «ынтымақтастық» деген желеумен қол жинап, Қытайдың өзекті мүдделеріне қатысты мәселелерде отпен ойнамауы тиіс».

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото