Қаңтар-сәуір аралығында жалпы ел бойынша шетел капиталын нақты пайдалану өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 20,5%-ға өсті

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 13 мамыр
Қаңтар-сәуір аралығында жалпы ел бойынша шетел капиталын нақты пайдалану өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 20,5%-ға өсті

13 мамыр, онлайн «Халық Газеті» -- Ағымдағы жылдың қаңтар-сәуір айларында ел көлеміндегі шетелдік капиталдың нақты пайдаланылуы 478 миллиард 610 миллион юань болып, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 20,5%-ға артып, 100 миллион доллардан асатын келісім-шарттық шетелдік капиталы бар 185 ірі жоба қосылды, бұл күніне орта есеппен 1,5 ірі шетелдік капитал жобасы қосылғанға бара бар.

Бұл туралы Сауда министрлігінің баспасөз хатшысы кезекті онлайн баспасөз мәслихатында хабарлады. Ол биылғы жылдың алғашқы төрт айында Қытайдың шетелдік капиталды нақты пайдалануы 74,47 миллиард АҚШ долларына тең болып, бір жылдың сәйкес мезгілімен салыстырғанда 26,1%-ға өсті (банк, бағалы қағаздар мен сақтандыруды қоспағанда).

Мәліметтер мынаны көрсетеді. Жоғары технологиялық индустрияның инвестиция тартуда үлкен қозғаушы рөл атқарғанын көрсетеді. Қаңтар-сәуір айларында өсу қарқыны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 45,6%-ды құрады, бұл орташа өсу қарқынынан 25,1%-дық тармаққа жоғары. Олардың ішінде жоғары технологиялық өңдеу өнеркәсібі 36,7%-ға, жоғары технологиялық қызмет көрсету саласы 48,3%-ға, ақпаратқа қызмет көрсету, ғылыми-зерттеу және жобалық қызмет көрсету, электроника және байланыс жабдықтарын өндіру тиісінше 69,7%-ға, 60,4%-ға және 45,3%-ға өсті. 

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото