Қорғас шекарасы арқылы өтетін Қытай-Еуропа кезекші пойыз желісі алпысқа жетті

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 13 мамыр
Қорғас шекарасы арқылы өтетін Қытай-Еуропа кезекші пойыз желісі алпысқа жетті

13 мамыр, онлайн «Халық Газеті» -- 8 мамырда Қорғас Кедені бақылау бөлімінің жауапты тұлғасы: «Биыл Қорғас шекара өткелінде Қытай-Еуропа арасында 4 жаңа кезекші пойыз желісі қосылып, Қорғас шекара өткелі арқылы өтетін Қытай-Еуропа кезекші пойыз желісінің саны 60-қа жетті», - деп хабарлады.

25 сәуірде Гуйян қаласынан шыққан 42 контейнеріне 596 тонна жүк тиелген Қытай-Еуропа кезекші пойызы Қорғас теміржол шекара өткелінен шығып, Грузияға бет алды. Бұл рейс желісі Қорғас шекарасы арқылы өтетін Қытай-Еуропа арасындағы 60-ыншы кезекші пойыз желісі болып табылады.

2021 жылдан бастап Қорғас шекара өткелі арқылы өтетін Қытай-Еуропа кезекші пойыздар саны мен желі көрсеткіштері айтарлықтай өсу тенденциясын көрсетті. Рейс желілері тұрғысынан алғанда, 2021 жылы Қорғас шекара өткелі арқылы өтетін Қытай-Еуропа арасында 35 жаңа рейс желісі қосылды. 2021 жылдан 2022 жылдың 8 мамырына дейін Қорғас шекара өткелі арқылы өтетін Қытай-Еуропа арасында жиыны 39 жаңа рейс желісі қосылып, жаңа желілер арқылы өтетін Қытай-Еуропа кезекші пойыздар саны шекара арқылы өтетін бағыттардың жалпы санының шамамен 65% құрады. Жаңа рейстер болса Сиань, Чунцин, Чэнду сияқты Қытай-Еуропа кезекші пойыздары шоғырланған қалалардан жолға шығады.

Жауапты тұлға «Жаңадан қосылған желілер арасында Шыңжаңның жергілікті рейс желілері де айтарлықтай деңгейге өсті. 2021 жылы Қорғас шекара өткелінен өтетін Үрімжі-Ресей, Корла-Грузия және Санжы-Қазақстан сияқты Қытай-Еуропа бағытындағы 11 жаңа рейс желісі қосылды. 2022 жылы қосылған 4 жаңа желінің ішінде Шыңжаңнан өтетін Қытай-Еуропа арасындасы екі рейс желісі, атап айтқанда Қашқардан Алматыға және Қашқар Қағылықтан Тәжікстанның Сби Дамингке дейінгі рейстері бар. Бұл да Шыңжаңның сыртқы сауда кәсіпорындарының Қытай-Еуропа кезекші пойызын тасымалдау түрі ретінде пайдалану көрсеткішін біртіндеп арттырғанын толық көрсетеді»-, деді. 

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото