2012 жылдан бері еліміздің жаһандық экономикадағы үлесі 11,4%-дан 18%-ға өсті

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 13 мамыр
2012 жылдан бері еліміздің жаһандық экономикадағы үлесі 11,4%-дан 18%-ға өсті

13 мамыр, онлайн «Халық Газеті» -- 12 мамыр күні, Бейжің уақытымен Қытай Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің үгіт-насихат бөлімі баспасөз мәслихатында Қытай Коммунистік партиясының 18-ші құрылтайынан (2012 ж.) бергі онжылдықта еліміздің экономикалық қуаты жоғары деңгейге көтерілді деп таныстырды. 2021 жылы жалпы ішкі өнім 114 триллион юаньға жетіп, 2012 жылдан бері еліміздің жаһандық экономикадағы үлесі 11,4%-дан 18%-ға өсіп, Қытай дүние жүзіндегі екінші ең үлкен экономикалық ірі елдік орнын тіпті де бекемдей түсті.

Еліміздің жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнімі 12500 АҚШ долларына жетіп, кірісі жоғары елдердің табалдырығына жақындады. Соңғы жылдары еліміздің әлемдік экономикалық өсімге қосқан үлесі шамамен 30% деңгейінде сақталып, өсудің ең үлкен қозғалтқышына айналды. 

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото