Кеден сыртқы сауданың тұрақтылығы мен сапасын арттыру үшін он шара енгізді

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 13 мамыр

13 мамыр, онлайн «Халық Газеті» -- Жақында Бас кеден басқармасы індеттің таралуы мен одан сақтану жауапкершілігін қатаң ұстанумен бірге, сыртқы сауданың тұрақтылығы мен жақсаруын нығайту үшін он түрлі шара енгізді. Олар негізінен төмендегідей:

-Негізгі аймақтардағы өнеркәсіптік жүйе мен тасымалдаудың біркелкі айналымын қамтамасыз ету;

-Кәсіпорындарға аса қажет тауарлардың кеденнен жедел өтуіне ықпал жасау;

-Кіріс пен шығыс логистиканың тиімділігін арттыру;

-Пошталық кіру және шығу жолдарының кедергісіз болуын қамтамасыз ету;

Індет вакцина реагенттерінің жедел өткелін дамыту.

Сонымен қатар, Бас кеден басқармасы салықтар мен алымдарды азайтып, импорттық және экспорттық ауылшаруашылық азық-түлік өнімдерімен және басқа да тауарлармен тиімді қамтамасыз етуді, импорт-экспорттық азық-түлік өнімдерін өндіруші кәсіпорындарды тіркеу/тізімге алуды жеделдетеді. Сондай-ақ жоғары сапалы ауыл шаруашылық және азық-түлік өнімдерінің карантиндік қолжетімділігін қамтамасыз етеді; орта және микрокәсіпкерлік субъектілерге нарықтық сатып алу саудасын жүзеге асыруға қолдау көрсетеді; импорттық тарифтік квоталарды электронды кедендік ресімдеуге жәрдемдеседі; статистикалық мониторингті талдау мен деректер қызметін күшейтеді.

Бас кеден басқармасы бүкіл ел бойынша кеден ұйымдарына терең зерттеулер жүргізуді, сыртқы сауданың ағымдық дамуының алдында тұрған міндеттерді қадағалап, талдауды, кедендік аймақтың нақты жағдайы мен жергілікті үкімет пен кәсіпорындар мәлімдеген өзекті проблемаларды ескере отырып, тиісті шараларды зерттеп, сыртқы сауда мен шетелдік инвестиция тұрақтандыруға бар күш-жігерін салуды талап етеді. 

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото