Си Цзиньпин БАӘ-нің жаңа Президенті Мұхаммедке құттықтау жолдады

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 16 мамыр

16 мамыр, онлайн «Халық Газеті» -- 14 мамырда ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин БАӘ-нің жаңа Президенті Мұхаммедті БАӘ президенті болып тағайындалуымен құттықтады.

Си Цзиньпин: “Қытай мен БАӘ арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастар орнағаннан бері екіжақты қатынас жан-жақты және терең дамып, екі тарап өзекті мүдделер мен маңызды мәселелерде бір-бірін әрқашан берік қолдап келеді. Әртүрлі салалардағы прагматикалық ынтымақтастық жемісті нәтиже берді. Коронавирус індетімен күресудегі бірлескен күш-жігер жоғары нәтижелерге жетіп, екі ел арасындағы достық күннен-күнге нығайып келеді. Мен Қытай-БАӘ қарым-қатынасының дамуына үлкен мән беремін және екі ел мен халықтардың игілігі үшін Қытай-БАӘ жан-жақты стратегиялық серіктестігін тереңдету үшін Президент Мұхаммедпен бірге жұмыс істеуге дайынмын».

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото