G7: Ресей-Украина қақтығысының әлемдік азық-түлік қауіпсіздігі үшін ауыр салдары болуы мүмкін

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 16 мамыр

16 мамыр, онлайн «Халық Газеті» -- «G7» 14 мамырда Ресей мен Украина арасындағы қақтығыстың әлемдік азық-түлік қауіпсіздігі үшін ауыр зардаптары болуы мүмкін екенін және Украинаның астық экспортына қойылған шектеулер жаһандық азық-түлік шиеленістерін одан әрі ушықтырды деп мәлімдеді.

«G7» ауыл шаруашылығы министрлері 13-14 мамырда Германияның Штутгарт қаласында Ресей мен Украина арасындағы қақтығыс салдарынан туындаған жаһандық азық-түлік қауіпсіздігі мәселелерін талқылау үшін кездесу өткізді. Кездесуден кейін мәлімдеме жариялап, Ресейді Украинаның инфрақұрылымына, әсіресе порттар мен теміржолдарға қарсы әрекетін тоқтатуға, сондай-ақ Украинаға кем дегенде 25 миллион тонна астық экспорттауға рұқсат беруге шақырды.

Германия Ауыл шаруашылығы министрі Джем Оздемир қазіргі жағдай аштықпен күресу үшін әлемнің бірігуін талап етіп отырғанын айтты. Сонымен бірге, климаттың өзгеруіне төтеп беру және биоәртүрлілікті сақтау жұмыстары тоқтамауы тиіс. Қазіргі уақытта климаттың өзгеруіне төтеп беру, азық-түлік қауіпсіздігі және бейбітшілік – осы үшеуі басты мәселе болып саналады.

14 мамыр күні биыл «G7»-ге төрағалық етіп отырған Германия үкіметі Ресей мен Украина арасындағы қақтығыс салдарынан дүние жүзінде 43 миллионға жуық адамның аштық қаупіне ұшырап отырғанын хабарлады.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото