Қытайдың теңіз экономикасы бірінші тоқсанда 2 триллион юаньға жетті

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 16 мамыр
Қытайдың теңіз экономикасы бірінші тоқсанда 2 триллион юаньға жетті

16 мамыр, онлайн «Халық Газеті» -- Тілшінің Табиғи ресурстар министрлігінен хабарлауынша, биылғы жылдың бірінші тоқсанында Қытайдың теңіз экономикасы 2 триллион юаньға жетіп, өткен жылдың сәйкес мезгілімен салыстырғанда 4,1%-ға өскен.

Дамып келе жатқан теңіз өнеркәсібінің мүмкіндігі жоғары. Табиғи ресурстар департаменті жүргізген сауалнама нәтижесі көрсеткендей, бірінші тоқсанда 53,2% теңіз жаңартылған энергия көздерін пайдаланатын кәсіпорындардың, 55,9% теңіз дәрі-дәрмектері мен биологиялық өнімдер шығаратын кәсіпорындардың және 61,1% теңіздегі инженерлік жабдықтарды шығаратын кәсіпорындар кірісі бір жылдың сәйкес мезгілімен салыстырғанда өсуге қол жеткізді.

Теңіз энергиясы мен ресурстарын жеткізу ұлғаюда. Бірінші тоқсанда теңіздегі шикі мұнай мен табиғи газды өндіру өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 8,8% және 15,9%-ға өсті.

Теңіз технологиясы теңіз өнеркәсібін өзгертуге және жаңартуға мүмкіндік береді. Бірінші тоқсанда теңіз жабдықтары мен теңіз шаруашылығын кешенді дамыту айтарлықтай жақсы нәтижелерге қол жеткізді. Сыйымдылығы 100 мың тонналық «Госинь №1» атты интеллектуалды балық шаруашылығының ірі тұрпатты акваөсіру кемесі суға сәтті сүңгіді, жартылай суға бататын терең теңіз интеллектуалды аквамәдениеттік туризм платформасы «Пушың теңіз шаруашылығы №1» және «Цзинхай № 004» терең теңіздегі интеллектуалды торлар толық тапсырылды. Теңіз кеме жасау өнеркәсібінің құрылымдық трансформациясы тамаша нәтижелерге жетіп, жоғары деңгейлі кеме түрлерінің үлесі артты.

Порт және тасымалдау өндірісінің ахуалы ойдағыдай. Бірінші тоқсанда мұхитпен жүк тасымалдау көлемі 960 миллион тоннаға жетіп, бір жылдағы сәйкес мезгілімен салыстырғанда 3,4 пайызға өсті. Ал аяқталған жүк өткізу көлемі шамамен 2,42 миллиард тоннаны құрап, бір жылдағы сәйкес мезгілімен салыстырғанда 1,8 пайызға, аяқталған контейнер өткізу қабілеті 59,83 млн TEU құрап, бұл бір жылдағы сәйкес мезгілімен салыстырғанда 2,5%-ға өскен.

Теңіз импорты мен экспортының өсімі тұрақты. Бірінші тоқсанда теңіз өнімдерінің жалпы импорты мен экспорты өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 15,8%-ға, су өнімдерінің жалпы импорты мен экспорты бір жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 25,4%-ға өсті. 

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото