Алғашқы C919 ірі ұшағының бірінші ұшу сынағы сәтті аяқталды

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 16 мамыр
Алғашқы C919 ірі ұшағының бірінші ұшу сынағы сәтті аяқталды

16 мамыр, онлайн «Халық Газеті» -- 14 мамыр күні Бейжің уақытымен сағат 6:52-де B-001J нөмірлі C919 ірі тұрпатты ұшағы Шанхай Пудун әуежайының 4-інші ұшу-қону жолағынан көтеріліп, 9:54-те аман-есен қонды. Бұл Қытайдың коммерциялық авиация корпорациясының (COMAC) тұңғыш C919 ұшағының алғашқы ұшу сынағы сәтті аяқталып, бірінші тұтынушысына уақытында жететінін білдіреді.

Тілшінің COMAC-тан алған мәліметіне сәйкес, 3 сағат 2 минутқа созылған ұшу кезінде сынаққа қатысатын ұшқыш пен борт-сынақ инженері белгіленген тапсырмаларды орындауда әзірлікті жауапкершілікпен атқарды. Ұшақтың жағдайы ойдағыдай болды. Қазіргі уақытта С919 ірі ұшағын сынақтан өткізуге және жеткізуге дайындық жұмыстары одан әрі жүйелі түрде жалғасуда.

2019 жылдан бері алты C919 ірі ұшағы жерде және әуеде ұшу сынақтарынан өтті. 2020 жылдың қараша айында C919 ұшағын типті тексеру мақұлданды (TIA) және бюро мақұлдаған ұшу сынақ кезеңіне жан-жақты енді. 

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото