Қытай Сыртқы істер министрлігі АҚШ-тың Шыңжаңға қатысты есебіне жауап берді: АҚШ - мәжбүрлі еңбектен ең көп зардап шеккен ел

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 17 мамыр
Қытай Сыртқы істер министрлігі АҚШ-тың Шыңжаңға қатысты есебіне жауап берді: АҚШ - мәжбүрлі еңбектен ең көп зардап шеккен ел

17 мамыр, онлайн «Халық Газеті» -- Қытай Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Чжао Лицзянь 16 мамыр күні АҚШ Мемлекеттік департаменті Шыңжаңды қаралау және Қытайдың дамуын тежеу мақсатында бірнеше рет есеп беріп, «мәжбүрлі еңбек, қамау лагері, күштеу ассимиляциясы» деп аталатын басқа да ғасырлық жалған ақпараттар таратқанын айтты, және АҚШ-тың мұндай қастандығының сәтті болмайтынын ескертті.

Мәліметтерге сәйкес, АҚШ Мемлекеттік департаменті жақында Конгреске ұсынылған баяндамасында Қытайдағы Шыңжаңның ұйғырлар сияқты этникалық азшылық ұшыраған айтылмыш жалған «жан түршігерлік қиянат» арқылы, Қытайға қысымды күшейтуді жоспарлап отырғанын хабарлаған еді.

Чжао Лицзянь атап өткендей, жақында АҚШ Ішкі істер министрлігі федеральді үкіметінің ондаған жылдар бойы үнді мектеп-интернаттарын мәжбүрлі оқшаулап, мәдени геноцидке ұшыратқанын мойындаған тексеру есебін жариялады. «Бұл тағы да АҚШ-тың өз тарихынан ой қорытып, өз қиялымен басқа елдерді кінәлауға дағдыланғанын көрсетеді. Шындығында, АҚШ адам саудасы мен мәжбүрлі еңбектен ең көп зардап шеккен ел».

Чжао Лицзянь: «АҚШ Шыңжаңда «қамау лагерлері» бар деп жалған мәлімдеме жасады. Шын мәнінде, АҚШ негізсіз қамауға алудың және бейберекет азаптаудың майталманы, сонымен қатар бүкіл әлемдегі қара зынданның ұйымдастырушысы. Көп жылдан бері ЦРУ кем дегенде 54 ел мен аймақта қара түрмелер салып, жүз мыңдаған адамды тұтқындады. АҚШ-тағы ұдайы әшкереленген көптеген қара түрмелердегі сұрқиялықтар мен жан төзгісіз қинаулар адамды түршіктіреді», - деді.

Чжао Лицзянь қазір Шыңжаң қоғамы бейбітшілік пен тұрақтылыққа ие екенін, экономикасы көркейіп, халқы бай-бақуатты тұрмыс кешіп жатқанын айтты. Сонымен бірге барлық ұлт өкілдерінің заңды адами құқықтары толық қамтамасыз етілгенін жеткізді. Ол: «Біз шынайы деректердің алдында жалған ақпараттың түгелдей өздігінен жойылатынына сенеміз. АҚШ тарапы өзінде сақталып отырған геноцид, нәсілдік кемсітушілік, адам саудасы, мәжбүрлі еңбек, негізсіз тұтқындау және бей-берекет азаптау сияқты ауыр адам құқығына жат қылмыстарынан жалтармай, бұл туралы ойлануы тиіс, және адам құқығын желеу етіп, басқа елдердің ішкі істеріне араласуды тоқтатуы керек», - деді.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото