Мәскеуде ҰҚШҰ-ға мүше елдер басшыларының кездесуі өтті

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 17 мамыр
Мәскеуде ҰҚШҰ-ға мүше елдер басшыларының кездесуі өтті

Мәскеуде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының жиыны өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

15 мамыр күні ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұжымдық қауіпсіздік шартына қол қойылғанына 30 жыл және Ұйымның құрылғанына 20 жыл толуына орай өтетін мерейтойлық саммитке қатысу үшін Мәскеуге барған болатын.

Бұл саммитке ұйымға мүше елдердің басшылары қатысады деп жоспарланған. 2022 жылы Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына Армения Республикасы төрағалық етті.

Жиын барысында ҰҚШҰ-ның даму болашағы талқыланып, ұйымның мерейтойына арналған мәлімдеме қабылданды. Ұжымдық қауіпсіздік туралы шартқа (ҰҚТ) 1992 жылғы 15 мамырда Ташкентте қол қойылды.

2002 жылғы 14 мамырда Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің Мәскеуде өткен сессиясында Ұжымдық қауіпсіздік туралы шартқа қатысушы мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықтың тетіктері мен құрылымдарын халықаралық аймақтық ұйым – «Ұжымдық қауіпсіздік шарт туралы ұйымға» өзгерту, оған тиісті мәртебе беру туралы шешім қабылдады.

2003 жылғы 18 қыркүйекте ҰҚШҰ Жарғысы өз күшіне енді.

Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымына Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан кіреді. 

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото