- Барлық ақпарат
Қытайда сирек кездесетін жабайы жануарлардың саны өсті
17 мамыр, онлайн «Халық Газеті» -- Алтұн тау ұлттық табиғи қорығы әкімшілігі қорықты басқару мен қорғау қызметінің күшеюі арқасында тибет бөкені, жабайы қодас және тибет құланы сияқты үстірттегі сирек кездесетін хайуанаттардың саны көбейіп, бүгінде 110 000 тұяққа жеткенін хабарлады.
тибет бөкені
«Қорықтағы ұзақ жылдар бойы жүргізіліп келе жатқан қажырлы еңбектің арқасында үстірттің экожүйесінің тұтастығы мен келбеті тиімді түрде қорғалып келеді», - деді Алтұн тау ұлттық табиғи қорығы басқармасының Партком хатшысы және орынбасар меңгерушісі. Сонымен қатар, ол Цинхай-Тибет үстіртінің солтүстік бөлігіндегі маңызды экологиялық қауіпсіздік тосқауылын қорғау мақсатында Саньцзянъюань ұлттық саябағы, Тибеттегі Цянтан ұлттық табиғи қорығы және жергілікті үкіметпен ынтымақтаса жұмыс жасап жатқандарын айтты.
тибет құланы
жабайы қодас
people.cn © People's Daily Online