10 жасар қыздың қуырмаш қуыру өнері желідегі жұртты таңдай қақтырды: елу-алпыс тағам түрлерін дайындай алады

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 17 мамыр

17 мамыр, онлайн «Халық Газеті» -- Темір қазанды бір қолымен оп-оңай 360° айналдырып, қуырмаш қуыра жүріп, қуыру құралын төбесіне көтере шыр айналдырған Усилық 10 жастағы қыз Сун Цзяруидің видеосы әлеуметтік желіде танымал болды.

Ақпараттарға сәйкес, Сун Цзяруи төрт-бес жасынан ата-анасына еріп дәмханаға барып, әкесінің тағам жасағанын бақылауды ұнатады екен. Сонда жүріп картоп аршып, көкөністерді дайындауға көмектескен. Кейінірек бастауыш мектепте оқып жүргенде ата-анасының күн сайын дәмханада тынымсыз жұмыс істеп жатқанын бақылап, әкесінен қуырмаш қуыруға үйретуді өтінеді. Сондағысы әке-шешесі жұмыстан шаршағанда өзі дайындаған тағамдардан дәм татса деген үміті.

Сун Цзяаруидің айтуынша, қазір кем дегенде елу-алпыс тағам пісіре алады екен. Сун Цзяруидің оқитын мектебі оған арнайы студия да ашып беріпті. Мұнда аптасына бір рет іс-шаралар ұйымдастырып, сыныптастары одан қарапайым аспаздық дағдыларды үйренеді екен.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото