Шанхайда әлемдегі ең үлкен 99 000 текше метр суперірі этан тасымалдаушы кеме қолданысқа берілді

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 17 мамыр
Шанхайда әлемдегі ең үлкен 99 000 текше метр суперірі этан тасымалдаушы кеме қолданысқа берілді

17 мамыр, онлайн «Халық Газеті» --16 мамырда Қытай мемлекеттік кеме жасау корпорациясына еншілес Цзяннан кеме жасау кәсіпорны жасаған әлемдегі ең үлкен 99 000 текше метр суперірі этан тасығыш кеме «PACIFIC INEOS GRENADIER» сәтті табыс етілді. Бұл кеме Цзяннан кеме жасау кәсіпорнының 23 сәуірден бастап өндірісін бірте-бірте қалпына келтіргеннен бері тапсырылған, сондай-ақ осы жылдың наурыз айындағы індеттен кейін Шанхайдың Чансин қалашығында табыс етілген алғашқы кеме.

Жалпы ұзындығы 230,0 метр, ені 36,6 метр, тереңдігі 22,5 метр кеменің бұл түрі Цзяннан «Панда» сериясына жатады. Кеме сұйытылған этанды ұзақ қашықтыққа тасымалдай алады. Кемеде тәуелсіз зияткерлік меншік құқығы бар В типті төрт жүк цистерна және екі палубалық резервуар бар. Ол максималды сыйымдылығы 99 000 текше метр болатын әлемдегі ең үлкен суперірі этан тасымалдаушысы әрі Хьюстон арнасының негізгі масштаб конвертімен шектелген ең көп жүк көлеміне сәйкес келеді. Кеме этан отынымен жұмыс істейтін, қос отындық негізгі қозғалтқышпен, білік генераторымен жабдықталған, шығарындылардың ең қатаң талаптарына үйлеседі және жоғары үнемділікке ие.

Бұл кеме түрі Американдық кеме қатынасы бюросы шығарған эпидемияға қарсы белгісі бар әлемдегі алғашқы азаматтық коммерциялық кеме екені хабарланды. Оның жетілдірілген санитарлық-гигиеналық және эпидемияға қарсы алдын алу-оқшаулау жүйесі жұқпалы аурулардың таралуын, соның ішінде коронавирусті тиімді тоқтатып, кеменің індетке төтеп беру қабілетін арттырады. 

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото