Халықаралық валюта қоры юаньның салмағын көтереді

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 18 мамыр

18 мамыр, онлайн «Халық Газеті» -- Халықаралық Валюта Қорының (ХВҚ) арнайы қарыз алу құқықтарын бағалауды қарау кезінде юань салмағын көтеруіне жауап ретінде Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Ван Вэнбинь 17 мамырда «Бұл халықаралық қауымдастықтың Қытайдың “Реформа және ашықтық саясаты” мен экономикалық және әлеуметтік дамудағы жетістіктерін толық мойындауы. Қытай бұдан кейін де қаржы нарығын реформалау мен ашуды тайсалмай алға жылжытады»,- деді.

Сол күнгі кезекті баспасөз мәслихатында тілші былай деп сұрады: ХВҚ жақында бес жылда бір жүрілетін арнайы қарыз алу құқығының құнын шолуды аяқтап, юань салмағын 10,92%-дан 12,28%-ға дейін көтерді. Бұл 2016 жылы кәрзеңкеге енгеннен бергі юаньның құнына алғашқы шолуы. Бұл туралы Қытайдың пікірі қандай?

Ван Вэньбинь: «Арнайы қарыз алу құқығын тексеруден кедергісіз өтуі және юань салмағының одан әрі артуы еліміздің “Реформа және ашықтық саясаты” мен экономикалық және әлеуметтік дамудағы жетістіктерін халықаралық қауымдастықтың толық мойындауы болып табылады, бұл халықаралық резервтік валюта ретінде юаньның мәртебесін одан әрі арттыруға және юань активтерінің халықаралық тартымдылығын арттыруға көмектеседі»,- деді.

Оның айтуынша, келесі кезеңде Қытай қаржы нарығын реформалау мен ашуды бұлжытпай алға жылжытып, шетелдік инвесторлардың Қытай нарығына инвестиция салу рәсімдерін одан әрі жеңілдетеді. Инвестицияланатын активтердің түрлерін байытып, деректерді ашуды кемелдендіреді және бизнес ортасын үздіксіз жетілдіреді. Банкаралық валюта нарығының сауда-саттық уақытын ұзартып, Қытай нарығына инвестиция салудың қолайлылығын үздіксіз жақсартып, шетелдік инвесторлар мен халықаралық инвестициялық институттардың Қытай нарығына инвестиция салуы үшін қолайлы жағдай жасайды.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото