Қытай білім министрлігі: Елімізде жоғары білім алғандар саны 240 миллионға жетті

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 18 мамыр

18 мамыр, онлайн «Халық Газеті» -- Білім министрлігі бүгін Қытай коммунистік партиясының 18-ші ұлттық съезінен кейінгі еліміздің жоғары білім беру реформасы мен дамуының жетістіктерімен таныстыру мақсатында екінші рет «Білім беру онжылдығы», «1+1» баспасөз мәслихатын өткізді.

Мәліметтер бойынша, еліміз әлемдегі ең ірі жоғары білім беру жүйесін құрды, ЖОО-да оқып жатқандардың жалпы саны 44,3 миллионнан астам. Жоғары оқу орындарына қабылдаудың жалпы көрсеткіші 2012 жылғы 30%-дан 2021 жылы 57,8%-ға дейін ұлғайып, 27,8%-дық тармаққа өсіп, тарихи секіріске қол жеткізді, жоғары білім алу деңгейі әлем мойындаған жалпыласу кезеңіне өтті.

Елімізде жоғары білім алған адамдардың саны 240 миллионға жетті, ал жаңадан қосылған жұмыс күштерінің білім алған жылдар саны орташа 13,8 жылға жетті. Еңбек ресурстарының сапалық құрылымында елеулі өзгерістер болып, бүкіл халықтың білім деңгейі тұрақты түрде жоғарылады. Жоғары білім білім беру әдістері, оқыту режимі, басқару жүйелері және қамтамасыз ету тетіктері тұрғысынан үздіксіз инновацияланып, әлем бойынша маңызды дарындылар орталығы мен инновация мекенін құруға қуатты қолдау көрсетті.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото