2021 жылға дейін Қытайда тіркелген мұражай саны 6183-ке жетті

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 19 мамыр
 2021 жылға дейін Қытайда тіркелген  мұражай саны 6183-ке жетті

19 мамыр күні, онлайн «Халық Газеті» -- 2022 жылы, 18 мамыр күні «Халықаралық мұражайлар күні» іс-шарасының ашылу салтанаты бейнебайланыс арқылы Мемлекеттік мәдени мұра басқармасы мен Хубэй өлкесінің мұражайында өтті. Ашылу салтанатында Мәдениет және туризм министрлігі министрінің орынбасары, Мемлекеттік мәдени мұра басқармасының директоры Ли Цюнь 2021 жылы елде 395 жаңа мұражай тіркеліп, бүгінге дейін тіркелген мұражайлардың жалпы саны 6183-ке жеткенін, оның ішінде 5605 мұражай тегін ашылып, жалпы мұражайдың 90%-ынан жоғарысын ұстайтынын таныстырды. Ол сөзін сабақтап 2021 жылы бүкіл ел бойынша мұражайлар 36 000 көрме өткізіп, 779 миллион көрерменді қабылдап, 3000-нан астам онлайн көрмелерді және 10000-нан астам онлайн білім беру іс-шараларын ұйымдастырғанын, сонымен бірге онлайн мұражайларды жалпы 4,1 миллиардтан астам адам көргенін айтты.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото