Қаңтардан сәуірге дейін Ұлттық теміржолдың негізгі капиталына салынған инвестиция көлемі 157,46 миллиард юаньға жетті

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 19 мамыр

19 мамыр, онлайн «Халық Газеті» -- Тілшінің Қытай ұлттық темір жол тобынан алған ақпаратына сәйкес, биылғы жылдың басынан бері темір жол құрылысы ғылыми және реттілікпен ілгерілеп, ұлттық экономиканың тұрақты жұмыс істеуіне белсенді қызмет етіп келеді. Қаңтар-сәуір айлары аралығында ұлттық темір жолдың негізгі капиталына жалпы сомасы 157,46 миллиард юань инвестиция салынып, өткен жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда 0,6%-ға артты. 581 шақырым жаңа темір жол ашылды, оның ішінде 358 шақырым жоғары жылдамдықтығы теміржол желісі болып табылады.

Темір жол бөлімі ұлттық «14-бесжылдық» жоспарында белгіленген 102 жобаның ішінде темір жолға қатысты жобалардың жүзеге асуын, өзен бойындағы жоғары жылдамдықтағы теміржол, батыс өңіріндегі құрлық-теңіз жаңа дәлізі, Қытай-Еуропа жүк пойызының тасымалдау мүмкіндігін арттыруға қатысты жобалар мен басқа да ірі инженериялық құрылыстарды жіті қадағалап отыр. Азиядағы ең үлкен теміржол торабы жолаушылар станциясы, сондай-ақ жоғары жылдамдықты және қалыпты жылдамдықтағы жолаушылар ауласы бар Қытайдағы бірінші супер-ірі жолаушылар станциясы - Бейжің Фэнтай станциясы жолаушыларды қарсы алуға дайындалуда. Әрбір негізгі жоба үшін «Жылдамдықты арттыру» тетігін іске қосып, ұлттық ірі стратегияларды жүзеге асыруға жәрдемдесу және макроэкономикалық нарықты тұрақтандыру үшін қолайлы жағдайлар жасалып жатыр.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото