Алашанькоу өткелі: алғашқы төрт айда импорт және экспорт саудасының құны 93,8 миллиард юаньнан асты

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 19 мамыр
Алашанькоу өткелі: алғашқы төрт айда импорт және экспорт саудасының құны 93,8 миллиард юаньнан асты

19 мамыр күні, онлайн «Халық Газеті» -- Тілші Алашанькоу(Алатау)кеденінен хабарлауынша, алғашқы төрт айда Алашанькоу өткелі импорттық және экспорттық сауда көлемі 93,87 миллиард юаньға жетіп, оның ішінде импорттық сауда көлемі 49,04 миллиард юань болып, өткен жылдың ұқсас мезгілінен 21,7%-ға өскен.

Алашанькоу кеденінің статистикалық мәліметтеріне сәйкес, алғашқы төрт айда Алашанькоу өткелінің импорттық және экспорттық жүк көлемі 7,211 миллион тоннаны құрап, өткен жылдың ұқсас мезгілімен салыстырғанда 0,8%-ға артқан. Оның ішінде импорттық тауарлар негізінен минералды өнімдер мен ауыл шаруашылығы өнімдері, ал экспорттық тауарлар болса негізінен механикалық және электротехникалық өнімдер мен еңбекті көп қажет ететін өнімдерден тұрады. 

Тасымалдау режимі тұрғысынан алғанда, алғашқы төрт айда Алашанькоу темір жол өткелінің импорт-экспорттық жүк тасымалы көлемі 3 миллион 553 мың тонна болып, сауда көлемі 76,4 миллиард юаньды құрады, Алашанькоу тас жол өткелінің импорт-экспорттық жүк көлемі 40 мың тоннадан асып, өткен жылдың ұқсас мезгілімен салыстырғанда 80,6%-ға жоғарлады, ал сауда көлемі 2,59 миллиард юань болды.

Алашанькоу кеденінің жауапты тұлғасы алғашқы төрт айдың мәліметіне қарағанда, темір жол тасымалы мейлі импорт-экспорт жүк тасымалының көлемі, немесе сауда құны жағынан алатын болсақта өткелде басымдыққа ие екенін айтты. Тас жол өткелінің экспорты айтарлықтай өсімге ие болды, өйткені биыл құрылыс машиналарының көп саны тас жол өткелі арқылы экспортталды, бұл тас жол өткеліндегі жүк көлемінің өсуін арттырды. Кеден өткелдік рәсімдеуге жақсы қызмет көрсету үшін кедендік рәсімдеуді жеңілдету бойынша әртүрлі реформалау шараларын жүзеге асырумен қатар, анықтау технологиясын жандандырды. Сөйтіп өткел импортталатын тауарларға локализацияланған тексеруді жүзеге асырып, кедендік рәсімдеу уақытын одан әрі қысқартты және өткелдің іскерлік ортасын жақсартуға ықпал етті.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото