83,2 метр! Ғалымдар Қытайдағы ең биік ағашты тапты

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 19 мамыр
83,2 метр! Ғалымдар Қытайдағы ең биік ағашты тапты

19 мамыр күні, онлайн «Халық Газеті» -- Қытай ғалымдары жақында Тибеттің Заю ауданынан Юньнань сары бүршікті самырсын байырғы орманын тапты. Бұл орманның ең биік бір түбінің биіктігі 83,2 метрді құрап, Қытайдағы ең биік ағаштың жаңа рекордын орнатты.

Бұл жаңалықты Қытай ғылым академиясының Ботаника институтындағы Гуо Кэ командасы тауып, жариялады. Ұшқышсыз ұшақпен арқан тастап бірнеше рет өлшеулерден кейін, бұл жолы табылған Юньнань сары бүршікті самырсынының ең биігінің биіктігі 83,2 метр және жуандығы 207 см екенін білді. Оның биіктігі бұрын хабарланған Тибеттегі Бутан қарағайынан (76,8 м) және Тайваньдағы Тайвань шыршасынан (81-82 м) да асып түседі.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото