- Барлық ақпарат
Си Цзиньпин БРИКС Сыртқы істер министрлері отырысының ашылу салтанатында бейне сөз сөйледі
20 мамыр, онлайн «Халық Газеті» -- 19 мамыр күні, Си Цзиньпин БРИКС елдері Сыртқы істер министрлері отырысының ашылу салтанатында бейне сөз сөйледі.
Си Цзиньпин қазіргі уақытта ғасырлық өзгерістер мен ғасырлық індет тоғысып, халықаралық жағдайдағы тұрақсыз, белгісіз және қауіпті факторлар күн сайын күшейе түскенін атап көрсетті. Дегенмен, бейбітшілік пен дамудың дәуірлік тақырыбы өзгерген жоқ, барлық елдер халқының жақсы өмірге деген ұмтылысы өзгерген жоқ, халықаралық қауымдастықтың бір-біріне көмектесу және ынтымақтасу арқылы тең ұтысқа жетудей тарихи миссиясы өзгермеді. БРИКС елдері халықаралық қоғамдастықтағы белсенді, прогрессивті және сындарлы күш ретінде өздерінің сенімдерін нығайтып, дауылға қарсы тұрып, шынайы әрекеттермен бейбіт дамуға ықпал етуі, тепе-теңдік пен әділдікті қорғауы, демократия мен еркіндікті насихаттауы, толқымалы кезеңде тұрған халықаралық қатынастарға тұрақтылық пен оң қуат беруі керек.
Си Цзиньпин мынаны баса айтты: «Тарих пен шындық бізге басқа елдердің қауіпсіздігіне нұқсан келтіру арқылы өз қауіпсіздігіне біржақты ұмтылу, жаңа қайшылықтар мен тәуекелдерді тудыратынын көрсетті. Әлемнің қауіпсіздігі мен оның қауіпсіздігін ілгерілету үшін мен жақында Жаһандық қауіпсіздік бастамасын ұсындым. БРИКС елдері саяси өзара сенім мен қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықты нығайтып, негізгі халықаралық және аймақтық мәселелер бойынша тығыз қарым-қатынас жасап, үйлестірулері керек, бір-бірінің негізгі мүдделері мен негізгі алаңдаушылықтарын ескере отырып, бір-бірінің егемендігін, қауіпсіздігін, даму мүдделерін құрметтеп, гегемонизм мен күштеу саясатына қарсы тұрып, қырғи қабақ соғыс менталитеті мен топтасып текетірес жасауды аластап, адамзат қауіпсіздігінің ортақ қауымдастығын құруы керек».
Си Цзиньпин: «Даму – дамушы нарық елдері мен дамушы елдердің ортақ міндеті. Ағымдағы тәуекелдер мен сын-қатерлерге қарсы тұрып, дамушы нарық елдері мен дамушы елдердің ынтымақтастығын нығайту, бұрынғы қай мезгілден де маңызды. Бес ел анағұрлым көп дамушы нарық елдерімен және дамушы елдермен диалогтар мен алмасулар жүргізіп, өзара түсіністік пен сенімді арттырып, ынтымақтастық байланыстарын нығайтып, мүдделердің бірігуін тереңдетіп, ынтымақтастық тортын одан әрі үлкейтіп, прогресс күштерін барған сайын нығайтып, адамзат тағдырының ортақ тұлғасын құру туралы жарқын болашақты жүзеге асыруға анағұрлым көп үлес қосуы керек»,-деді.
people.cn © People's Daily Online