Қытайдың Сыртқы істер министрлігі:Тайваньның халықаралық ұйымдардың іс-шарасына қатысу мәселесі бір Қытай принципіне сәйкес шешілуі керек

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 20 мамыр

20 мамыр, онлайн «Халық Газеті» -- Сыртқы істер министрлігінің ақпарат хатшысы Чжао Лицзянь 19 мамыр күні дүние жүзінде бір ғана Қытай бар, ал Тайвань Қытай территориясының ажырамас бөлігі болып табылады, Тайваньның Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымын қамтыған халықаралық ұйымдардың іс-шарасына қатысу мәселесін бір Қытай принципіне сәйкес шешу керектігін айтты. Ол Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 2758-ші нөмірлі қарарында Қытай Халық Республикасы үкіметінің өкілі Қытайдың Біріккен Ұлттар Ұйымындағы жалғыз заңды өкіл екенін анық мойындайтынын;Дүниежүзілік денсаулық сақтау ассамблеясының 25.1-ші нөмірлі қарары Қытай Халық Республикасы үкіметінің өкілі Қытайдың Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымындағы жалғыз заңды өкіл болып табылатынын ашық түрде мойындайтынын атап өтті. Ол «Жоғарыда аталған екі қарарда бекітілген бір Қытай принципі халықаралық қауымдастық тарапынан кеңінен қолдау тапқанын, оның көптің ұмтылысы және жалпы үрдіс екенін, оны жоққа шығаруға немесе тосуға болмайтынын» кесе айтты.

Чжао Лицзянь: «Қытай орталық үкіметі Тайваньдағы отандастардың денсаулығы мен әл-ауқатына үлкен мән беріп, бір Қытай принципіне сәйкес Тайваньның жаһандық денсаулық істеріне қатысуы үшін тиісті шараларды жасады. Тайваньның тиісті ақпаратты алу және халықаралық індетпен күреске қатысу үшін арналары кедергісіз», - деді.

Ол: «АҚШ бір Қытай принципі мен Қытай-Америка үш бірлескен коммюникесін ұстанып, халықаралық құқық пен халықаралық қатынастардың негізгі нормаларына бойсынып, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ассамблеясы арқылы Тайваньға қатысты мәселелерді көтеруді тоқтату керек», - деді. Ол сөзін сабақтап, «Тайвань картасын» ойнауға және «Тайваньды Қытайды тежеу үшін пайдалану» ниетінің кез келген әрекеті халықаралық қауымдастық мүшелерінің басым көпшілігінің табанды түрде қарсылығына ұшырап, сәтсіздікпен аяқталатынын атап айтты.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото