Ван И Украина мәселесі туралы: қару-жарақтарды жеткізу Украинаға бейбітшілік әкелмейді, ал санкциялар мен қысым еуропалық қауіпсіздік дилеммасын шеше алмайды

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 20 мамыр

20 мамыр, онлайн «Халық Газеті» -- 19 мамырда Қытайдың Мемлекеттік кеңес мүшесі және Сыртқы істер министрі Ван И БРИКС елдері сыртқы істер министрлерінің бейне отырысына төрағалық етіп, сөз сөйледі.

Ван И Украина дағдарысының әлі де жалғасып жатқанын айтты. Қытайдың ұстанымы әрқашан дәйекті болды, яғни бейбітшілікке көндіру және келіссөз өткізуге жебеу. Қару-жарақтарды жеткізу Украинада бейбітшілік орната алмайды, ал санкциялар мен қысым еуропалық қауіпсіздік дилеммасын шеше алмайды. Әлемдік қауымдастық бейбітшілікке қол жеткізу үшін күш қосып, барлық тараптар отқа май құймай, қақтығысты шешу үшін нақты әрекеттер жасауы керек. Қытай, Ресей мен Украинаның қиындықтарды жеңіп, бейбіт келіссөздерді жалғастыруын қолдайды және күтеді, сонымен бірге НАТО мен Еуропалық Одақты Ресеймен жан-жақты диалог жүргізуге шақырады. Қытай халықаралық экономикалық және қаржылық ынтымақтастықты қаруландыруға және басқа елдерді тараптарды таңдауға мәжбүрлеуге қарсы. Дағдарыс халықаралық сауданың қалыпты дамуына, өнеркәсіптік және жеткізу тізбегінің тұрақтылығына әсер етіп, жаһандық азық-түлік, энергетика және қаржылық қауіпсіздікке қатер төндіруде. Таралу әсерлерін азайтуға, әсіресе әлсіз дамушы елдерге қиындықтарды жеңу үшін қолдау көрсетуге күш салу керек. Біз Ресей мен Украина арасындағы қақтығыс арқылы жаһандық қауіпсіздік пен тұрақтылыққа елеулі қатер төндіретін топтық қарама-қайшылықты тудырудан сақ болуымыз керек. Украина мәселесінде БРИКС елдері тәуелсіздік, объективтілік пен әділдікті ұстанып, бейбітшілікті жақтап, бейбітшілік үшін барын салуы тиіс.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото