Сыртқы істер министрінің орынбасары Лэ Юйчэн Қазақстанның Қытайдағы жаңадан тағайындалған Елшісі Шахрат Нұрышевпен кездесті

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 20 мамыр

20 мамыр, онлайн «Халық Газеті» -- 2022 жылы 19 мамыр күні Сыртқы істер министрінің орынбасары Лэ Юйчэн Қазақстанның Қытайдағы жаңадан тағайындалған Елшісі Шахрат Нұрышевпен кездесіп, екіжақты қарым-қатынастар, жоғары деңгейдегі алмасулар және «Бір белдеу, бір жолды» бірлесіп құрудағы ынтымақтастық туралы пікір алмасты.

Лэ Юйчэн Шахрат Нұрышевті Қытайдағы жаңа қызметімен құттықтап, Қытай мен Қазақстан арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнаған 30 жылдан бері екі елдің қарым-қатынасы уақыт өткен сайын нығайып, үздіксіз серпінді дамуға қол жеткізгенін, түрлі салалардағы ынтымақтастықтың жемісті нәтижелер бергенін айтты. Қытай тарапы екі мемлекет басшылары қол жеткізген консенсусты адал іске асыру және Қытай мен Қазақстан арасындағы тұрақты жан-жақты стратегиялық әріптестікті жаңа деңгейге көтеру үшін Қазақстан тарапымен жұмыс істеуге дайын екенін жеткізді.

Шахрат Нұрышев Қытайдағы елші қызметін қайта атқаруға келгенінне қуанатынын айтып, Қытайдың соңғы жылдардағы даму жетістіктері мен түрлі салалардағы Қазақстан-Қытай ынтымақтастығының жетістіктеріне жоғары баға берді. Ол Қазақстанның әрқашан Қазақстан-Қытай қарым-қатынастарын дипломатияның басты бағытының бірі ретінде қарастыратынын және Қытаймен жоғары деңгейдегі алмасуларды жандандыру, даму стратегияларының сәйкестігін тереңдету және екі жақтың өзара тиімді ынтымақтастығының жаңа нәтижелерге қол жеткізуін ілгерілету үшін жұмыс істеуге дайын екенін атап өтті.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото