Алғашқы төрт айда Шыңжаң Қашқар жан-жақты кепіл аймағының импорты мен экспорты 6 есеге жуық өсті

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 20 мамыр

20 мамыр күні, онлайн «Халық Газеті» -- Үрімжі кеденінің соңғы мәліметтерінің көрсетуі бойынша биылғы жылдың алғашқы төрт айында Қашқар жан-жақты кепіл аймағының жалпы импорттық және экспорттық құны 3 миллиард 770 миллион юань болып, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 586,2%-ға артқанын көрсетті. Бұл жерде Трансшекаралық электрондық коммерция маңызды рөл атқарды.

«Қашқар аймағы темір жол порттарын, автожол порттарын және әуе порттарын біріктіріп, 1,5 сағаттық авиациялық экономикалық шеңбер Пәкістан, Тәжікстан сияқты 8 көршілес елдің астаналарын немесе ірі экономикалық қалаларын қамтып, Жібек жолы экономикалық белдеуі бойындағы елдермен трансшекаралық электронды сауданы дамытудың бірегей артықшылығына ие болды»,-деді Қашқар кедені басшысының орынбасары Лан Фэн.

Осы жылдың ақпан айында Қашқарды қоса алғанда, 27 қала мен аймақтың трансшекаралық электронды коммерцияның жан-жақты пилоттық аумақтарын құруға рұқсат беруімен еліміздегі трансшекаралық электрондық коммерцияның жан-жақты пилоттық аймақтарының саны 132-ге жетті. Нәтижесінде, Қашқардағы трансшекаралық электронды сауда ісі қарқынды дамуын жалғастырды.

Үрімжі кеденінің статистикасы бойынша, биылғы жылдың алғашқы төрт айында Шыңжаңның жалпы сыртқы сауда импорты мен экспорты көлемі 52 миллиард 90 миллион юань болып, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 33,7%-ға артты. Қашқар, Алашанькоу, Қорғас және Үрімжідегі төрт жан-жақты кепіл аймағының импорт-экспорттық сауда көлемі 9 миллиард 530 миллион юаньға жетіп, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 126,7%-ға өсіп, Шыңжаңның жалпы сыртқы сауда құнының 18,3%-ын құрады.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото