Қытайдың жеңіл атлетикадан 4х100 метрге эстафеталық ерлер командасы Токио Олимпиадасының қола жүлдесін жеңіп алды

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 20 мамыр

20 мамыр, онлайн «Халық Газеті» -- Халықаралық Олимпиада комитеті 19 мамыр күні Лозаннада өзінің атқарушы комитет жиналысын өткізді. Сонда Қытайдың жеңіл атлетикадан 4х100 метрге эстафеталық ерлер командасы Токио Олимпиадасының қола жүлдесін жеңіп алғанын хабарлады.

Еске сала кетсек, өткен жылы Токио Олимпиадасында ерлер арасында 4х100 метрге жүгіруден финалда Су Бинтянь, Сие Женьие, У Чжицян және Тан Синцян бар Қытай құрамасы 37,79 секунд көрсеткішпен төртінші орынды жеңіп алған болатын, ал Италия, Ұлыбритания және Канада үздік үштікті еншілеген еді.

Халықаралық спорт арбитраждық соты (CAS) ағымдағы жылдың 18 ақпанында британдық спринтер Чикинду Уджа Токио Олимпиадасы кезінде допингке қарсы ережелерді бұзды деп жариялады. Сол себепті Уджаның Токио Олимпиадасындағы 4х100 метрге эстафеталық жарыстың финалында және ерлер арасында 100 метрге жүгіру жарысында қол жеткізген барлық нәтижелері жойылып, Токио Олимпиадасында ерлер арасындағы 4х100 метрге эстафеталық финалда Ұлыбритания құрамасының жеңіп алған күміс жүлдесі де алынып тасталды. Сөйтіп Канада құрамасы күміс, Қытай құрамасы қола жүлдені еншіледі. Бұл сонымен қатар Қытайдың 4х100 метрге эстафеталық командасының Олимпиадада жеңіп алған алғашқы медальі болып табылады.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото