Қытайдың коронавирусқа қарсы үшінші вакцинасы ДДҰ-нда төтенше жағдайларда пайдалану үшін сертификатталды

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 20 мамыр

20 мамыр күні, онлайн «Халық Газеті» -- Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 19 мамыр күні China CanSino Biologics Inc. компаниясы жасаған рекомбинантты коронавирус вакцинасы Convidecia ДДҰ-ның төтенше жағдайда қолдану сертификатынан ресми түрде өткенін хабарлады. Бұл Sinopharm және Sinovac вакцинасынан кейін төтенше жағдайларда қолдану үшін ДДҰ-нда сертификатталған үшінші қытайлық коронавирус вакцинасы болып табылады.

ДДҰ мәліметтері бойынша, Convidecia вакцинасы коронавирустың симптоматикалық формасына қарсы тиімділігі 64%-ды құрайтынын, ал ауыр формаға қарсы тиімділігі 92%-ды құрайтынын айтты.

Осы уақытқа дейін барлығы 11 коронавирус вакцинасы ДДҰ-нда төтенше жағдайларда қолдану үшін сертификатталды, оның төртеуі АҚШ-та, үшеуі Қытайда, үшеуі Үндістанда, біреуі Ұлыбританияда.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото