Шыңжаңдағы адам құқықтары саласының тарихи жетістіктері

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 23 мамыр

23 мамыр, онлайн «Халық Газеті» -- Жуырдағы 12-ші «Қытай туризмі күні»-не орай, Шыңжаңның әртүрлі аймақтарында мазмұны әртүрлі тақырыптық іс-шаралар өтті. Шыңжаңның туристік өнеркәсібі қуатты өміршеңдігін көрсетіп, экономикалық және әлеуметтік дамудағы жетекші рөлін айтарлықтай танытып, бір қырынан Шыңжаңның адам құқығы ісінің ілгерілеуін көрсетті.

Жаңа Қытай құрылған 70 жылдан астам уақыттан бері Шыңжаңдағы адам құқығы ісі қарқынды дамып, тарихи жетістіктерге жетті. Әсіресе, Қытай коммунистік партиясының бүкіл мемлекеттік 18-ші құрылтайынан бері Қытай коммунистік партиясы мен Қытай үкіметі Шыңжаңды басқару стратегиясын үздіксіз байытып, Шыңжаңды заңмен басқаруды ұстанып, ұлт бірлігін нығайтып, экономика мен мәдениетті дамытып, халықтың әл-ауқатын арттырып, барлық этникалық топтардың тең қатысуы мен тең даму құқықтарына тиімді кепілдік берді, Шыңжаңдағы адам құқықтарын қорғау ісі үздіксіз дамып келеді.

Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық регионы құрылғалы бері, соңғы 60 жыл ішінде Шыңжаңның жалпы экономикалық өнімі 160 есе, жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнімі 30 есе, ұйғыр халқының жалпы саны 2 миллион 200 мың адамнан 12 миллионға, ал Шыңжаңдықтардың орташа өмір сүру ұзақтығы 30-дан 74,7 жасқа дейін өсті. Шыңжаңда орта есеппен 530 мұсылманға бір мешіттен тура келеді, бұл көптеген батыс және ислам елдеріне қарағанда жоғары.

2018 жылдың желтоқсан айынан бері 100-ден астам ел мен аймақтың әр саласынан 2 мыңнан астам адам Шыңжаңға барып, Шыңжаңның әлеуметтік тыныштығының, экономикалық өркендеуінің, ұлтаралық бірлігінің даму жетістіктерін өз көздерімен көрді.

Тынымсыз құлшыныстың арқасында, 2020 жылдың аяғына дейін Шыңжаң кедейлік қамалын құлатып, кедейлікті дәлме-дәл жою шайқасында жеңіске жетті. Қазіргі стандарт бойынша, 3,0649 миллион әл-ауқаты нашар ауыл адамы, 3666 кедей ауыл кедейліктен арылды, 35 кедей аудан “Кедейлік қалпағын” алып тастады, абсолютті кедейлік мәселесі тарихи шешімін тапты.

Әлеуметтік тұрақтылық адам құқықтарын жүзеге асырудың маңызды кепілі болып табылады. Шыңжаң этникалық сепаратистік күштердің, діни-экстремистік күштердің, зорлық-зомбылық көрсетуші лаңкестік күштердің шектен шығуынан қатты зардап шекті. Жиі жасалған лаңкестік әрекеттер барлық этникалық топтардың өмірі мен мүлкінің қауіпсіздігіне үлкен зиян келтіріп, Шыңжаңдағы барлық этникалық топтардың өмір сүру құқығына, денсаулық құқығына, даму құқығына, басқа да негізгі азаматтық құқықтарына үлкен қауып төндірді. Лаңкестердің зұлымдық әрекеттерімен бетпе-бет келгенде, Қытай лаңкестікпен және радикалданумен күресті заңға сәйкес жүргізіп, кең халық бұқарасының негізгі адам құқықтарын барынша қорғады.

2016 жылдың соңынан бері Шыңжаңда бес жыл қатарынан зорлық-зомбылық туғызатын лаңкестік оқиғалар болған жоқ, экстремизмнің енуіне тиімді тосқауыл қойылып, барлық ұлт өкілдерінің өмір сүру құқығына толық кепілдік етілді.

Америка Құрама Штаттары мен Батыс елдерінің кейбір саясаткерлері Шыңжаңдағы адам құқығы ісінің орасан зор жетістіктерін көрмеске салып, Шыңжаң туралы өтірік ойлап тауып және оны таратып, Қытайдың Шыңжаң саясатын қаралауда, Шыңжаңдағы адам құқықтарының жағдайын бұрмалап, біржақты санкцияларды теріс пайдалануда. Аққа күйе жағатын бұл бұрыс әрекеттер адам құқықтары мәселелерін саясаттандырып, құралға айналдырады, бұл адам құқықтарының жаһандық ісін құрметтемеу және оны бұзу болып табылады. 

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото