Ван И: АҚШ-тың «Үнді-Тынық мұхиты стратегиясы» сәтсіз стратегия болуы анық

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 23 мамыр
Ван И: АҚШ-тың «Үнді-Тынық мұхиты стратегиясы» сәтсіз стратегия болуы анық

23 мамыр, онлайн «Халық Газеті» -- 22 мамырда Қытай Мемлекеттік кеңес мүшесі және Сыртқы істер министрі Ван И мен Пәкістан Сыртқы істер министрі Билавал келіссөздерден кейін баспасөз өкілдерімен бірге кездесті.

Журналистердің сұрағы негізінде Ван И АҚШ-тың «Үнді-Тынық мұхиты стратегиясы» әлемде, әсіресе Азия-Тынық мұхиты елдерінде барған сайын үрей мен алаңдаушылық туғызғанын айтты. Ол тағы да бұл аталмыш «Стратегияның» қулығы әшкере болғанын, бұл «Азия-Тынық мұхиты» атауын және Азия-Тынық мұхиты аймағындағы тиімді аймақтық ынтымақтастық құрылымын жоғалтып қана қоймай, сонымен бірге осы аймақтағы елдердің ондаған жылдар бойы бірлескен күш-жігері арқасында қолға келтірген бейбіт дамудың нәтижесі мен серпінін жоғалтқысы келетінін атап көрсетті. Ван И бұны қара ниеті халыққа мәлім деп түйіндеуге болатынын да ескертті.

Ван И Азия-Тынық мұхиты аймағындағы халықтардың гегемония басқарған қақтығыстары мен текетірестері кеше болғандай есімізде екенін, олардың қазір көздегені ұлттық тұрақтылық пен бақытты өмір екенін баса айтты. Азия-Тынық мұхиты елдерінің барлығы тараптарды таңдауға құлықсыз, олардың басты тілегі - барлық елдер жарасымды өмір сүріп, ынтымақтасып ортақ ұтысқа жету. Азия-Тынық мұхиты аймағындағы дәуірлік үрдіс аймақтық интеграцияны алға жылжыту және ортақ болашағы бар Азия-Тынық мұхиты қауымдастығын құру болып табылады. Қақтығыстар мен өзгерістерге толы әлем жағдайында бұл аймақ жалпы бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтап қалды. Азиядағы бұл даму пойызы індеттің тұманын кесіп өтуде көшбасшы болды. 2021 жылы ЖІӨ өсу қарқыны 6,3%-ға жетті. Бұл нәтиже қолға оңай келген жоқ, оны Азия-Тынық мұхиты аймағындағы елдердің ынтымақтастығынан, бұндағы халықтың қажырлы еңбегінен бөле қарауға болмайды.

Ван И: «АҚШ ойлап тапқан «Үнді-Тынық мұхиты стратегиясы» аузында «Еркіндік пен ашықтық» туын көтереміз дегенімен, астарында топтасып «Шағын шеңберлер» құруға ынталы; олар «Қытайдың қоршаған ортасын өзгертеміз» деп айтқанымен, шындығында Қытайды тежеп, Азия-Тынық мұхиты елдерін АҚШ гегемониясының «Пешкалары» ретінде әрекет еткізуді мақсат етуде. Ең қауіптісі – АҚШ тарапы бетқалқасын жыртып, «Тайвань картасы» мен «Оңтүстік Қытай теңізі картасын» ойнап, оларды арандатып, басқа аймақтарды бүлдіргеннен кейін Азия-Тынық мұхиты аймағын бүлдіруге тырысты. Фактілер «Үнді-Тынық мұхиты стратегиясы» деп аталатын стратегияның, негізінен, бөлінулерді келтіріп шығару, қарама-қайшылықты тудыру және бейбітшілікті жою стратегиясы екенін дәлелдейді. Бұл стратегия қандай шекпен жамылып, қандай қалқан тақса да, ақырында ол сәтсіздікке ұшырайтын стратегия. Бұл аймақ халқы АҚШ тарапына «Қырғи-қабақ соғыстың» ескірген сценарийі Азияда ешқашан қайталануы мүмкін емес және әлемде болып жатқан дүрбелеңдер мен соғыстар бұл аймақта ешқашан болмайды деп ескертуі керек», - деп айтты. 

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото