Орталық қаржы министрлігі нақты астық егетін диқандарға 10 миллиард юань субсидия бөлді

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 23 мамыр

23 мамыр күні, онлайн «Халық Газеті» -- Тілші 22-ші мамыр күні Қаржы министрлігінен алған ақпаратына сәйкес, орталық қаржы министрлігі жуырда 10 миллиард юань шығарып, жазғы орым және күзгі егіс өндірісін қолдау, ауылшаруашылық материалдарының қымбаттауынан дәнді дақылдарға ұлғайған шығындардың әсерін жеңілдету, диқандардың астық егуге деген белсенділігін одан әрі жұмылдыру үшін, нақты астық өсірушілерге тағы да бір реттік ауыл шаруашылығы субсидиясын таратты.

Диқандардың астық өсіруге деген белсенділігін арттыру мақсатында орталық үкімет бұдан бұрын да нақты астық өсіретін диқандарға бір реттік 20 миллиард юань жәрдемақы берген. Мәліметтерге сәйкес, орталық үкімет субсидиялау саясатын одан әрі жетілдіріп, субсидиялау объектісі ауылшаруашылық өнімдерінің қымбаттауының әсеріне нақты ұшырайтын астық өсірушілер болуын анағұрлым айқындады. Субсидиялау нормативі әр аймақ бойынша тиісті жағдайды ескере отырып, кешенді түрде анықталады. Негізі, өңірлік субсидиялау стандарты бірыңғай болуы керек.

Қаржы министрлігі барлық елді мекендерден заманауи ақпараттық технологиялар құралдарын толық пайдалануды, тиісті субсидияларды бөлу бойынша қолданыстағы базалық деректерді пайдалануды, «Бір карта» сияқты әдістерді қолдануды жалғастыруды және субсидиялау қаражатын толық көлемде және уақтылы таратуды талап етті.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото