Ван Вэньбинь БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссарының Қытайға сапарының күнтізбесін таныстырды

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 24 мамыр
Ван Вэньбинь БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссарының Қытайға сапарының күнтізбесін таныстырды

24 мамыр, онлайн «Халық Газеті» -- Қытайдың Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Ван Вэньбинь 23 мамыр күні Сыртқы істер министрлігінің кезекті баспасөз мәслихатында Қытайдың Біріккен Ұлттар Ұйымының Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссары Мишель Бачелет ханымды Қытайға келуімен құттықтайтынын айтты.

Ван Вэньбинь Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссары Мишель Бачелет Қытайға 23 мамыр күні келгенін, Мишель Бачелеттің Қытайға эксклюзивті сапары барысында Қытай басшылары мен тиісті ведомстволардың басшылары онымен кездесулер өткізетінін, Жоғарғы комиссар Мишель Бачелет Гуандун мен Шыңжаңда сапарда болып, әр саламен кең пікір алмастыратынын таныстырды. Ван Вэньбинь бұл сапардың екі жақтың пікір алмастыруы мен ынтымақтастығын одан әрі ілгерілетіп, халықаралық адам құқықтары ісін ілгерілетуде белсенді рөл атқарады деп үміттенетінін білдірді.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото