Ван И БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссары Мишель Бачелетпен кездесті

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 24 мамыр

24 мамыр, онлайн «Халық Газеті» -- 23 мамыр күні Қытай Мемлекеттік кеңесінің мүшесі және Сыртқы істер министрі Ван И Гуанчжоуға іс-сапармен келген Біріккен Ұлттар Ұйымының Адам құқықтары жөніндегі жоғарғы комиссары Мишель Бачелетпен кездесті.

Ван И Мишель Бачелеттің Қытайға келуімен құттықтап, бұл сапар өзара түсіністікті арттыруға, ынтымақтастықты нығайтуға, сондай-ақ дереккөздердің анық-қанығына көз жеткізетін сапар болады деп үміттенетінін білдірді.

Ван И Мишель Бачелет ханымға Қытайдың даму тарихын және Қытай Коммунистік партиясының басқару тұжырымдамасын таныстырды.

Ван И «Халықаралық адам құқығы ісін дамыту үшін, біріншіден, өзара сыйластықты ұстанып, адам құқығын саясаттандырмау керек, екіншіден, әділеттілік пен бейтараптықты ұстанып, қосарланған стандарттарға жүгінбеуіміз керек, үшіншіден, шындықты фактілерден іздеп, ұлттық жағдайлар мен даму кезеңдерінен ауытқымау керек, төртіншіден, ашықтық пен кеңдікті ұстанып, лагерлік қақтығыстар тайталасына түсіп қалмауымыз керек»-,деді.

Мишель Бачелет Қытайды экономикалық және әлеуметтік дамудағы, сондай-ақ адам құқықтарын қорғауды ілгерілетудегі маңызды жетістіктерімен құттықтап, Жоғарғы комиссар басқармасы бұл сапарды екі тарап арасындағы өзара түсіністік пен сенімді арттыруға, жаһандық сын-қатерлер мен мәселелерді бірлесіп шешуге және халықаралық адам құқықтарын дамытуды бірлесе ілгерілетуге мүмкіндік береді деп үміттенетінін білдірді.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото