Ресей ЭКСПО-2030 Дүниежүзілік көрмесін өткізу туралы Мәскеудің кандидатурасын өз еркімен қайтарып алды

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 24 мамыр

24 мамыр, онлайн «Халық Газеті» -- Ресей үкіметі 23 мамыр күні, Мәскеудің 2030 жылғы дүниежүзілік ЭКСПО көрмесін өткізу жөніндегі кандидатурасын сол күні өз еркімен алып тастағанын хабарлады. Ресей премьер-министрі Мишустин бұл туралы халықаралық көрмелер бюросының бас хатшысы Димитрий Керкентзеске хат жолдады.

Халықаралық көрмелер бюросы сол күні Ресейдің астанасы, Мәскеу қаласы 2030 жылғы Дүниежүзілік ЭКСПО көрмесін өткізуге өтінімін қайтарып алу туралы шешімін қабылдағанын растады.

Халықаралық көрмелер бюросы 2030 жылғы Дүниежүзілік ЭКСПО-ға қатысуға ниет білдірген елдер өз өтінімдерін осы жылдың 7 қыркүйегіне дейін ұсына алатынын хабарлады. Халықаралық көрмелер бюросы 2023 жылдың соңында өтетін пленарлық отырыста қабылдаушы елге дауыс береді.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото