Шыңжаң биыл теңіз күрішін толығымен отырғыза бастады, 330 гектар жерге егуді жоспарлап отыр

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 24 мамыр

24 мамыр, онлайн «Халық Газеті» -- 22 мамыр күні, Шыңжаңның Такламакан шөлінің шетіндегі Юпұрғы ауданы, Терім қалашығының Қаратоғрақ ауылында 33 гектардан астам теңіз күрішін көшіру жұмысы басталды.

Теңіз күрішінің тұқымын Академик Юань Лунпинь атындағы теңіз күрішін зерттеу тобы Циндао теңіз күрішін зерттеу және дамыту орталығы әзірлеп, қамтамасыз етеді, ал Шыңжаң базасы көшет өсіру, отырғызу және басқаруды ұйымдастырады деп хабарланады.

Академик Юань Лунпинь атындағы теңіз күрішін зерттеу тобы, Циндао теңіз күрішін зерттеу және дамыту орталығы, Шыңжаң базасының жауаптысы Джан Лишань: «Биылғы жылы Шыңжаңда жоспар бойынша 333 гектар теңіз күрішін егіп, көшіру жұмыстары осы жылдың 20 маусымына дейін толығымен аяқталады. Үш жылдан астам уақыт теңіз күріші және басқа да дақылдар егілгеннен кейін Шыңжаңның 133 гектардан астам сортаңды-сілтілі жері жақсартылды. Ал 2021 жылы теңіз күрішінің өнімділігі гектарына 8850 килограмнан асты», - деді.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото