Қытай еңбек дағдыларын бастауыш және орта мектептің оқу бағдарламаларына енгізеді

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 24 мамыр

24 мамыр, онлайн «Халық Газеті» -- Жақында Білім министрлігі 2022 жылдың қыркүйек айынан бастап бастауыш және орта мектептердің оқу бағдарламасына тамақ әзірлеу, үй жинастыру, көкөніс өсіру сияқты еңбек дағдылары енгізілетіні туралы хабарлама жариялады.

Ондаған жылдар бойы заман талабына сай формасы өзгергенімен, еліміздегі бастауыш және орта мектептердің оқу бағдарламаларында еңбек сабақтары әрқашан бар болып келеді.

Мәліметтерге сәйкес, жаңа еңбек оқу жоспарының стандарттары белгілі біркезеңдегі білім беруде сақталған «Оқуға мән беріп, еңбекке сәл қарау; бағаға мән беріп, еңбекке немқұрайлы қарау» мәселесіне бағытталады. Білім министрлігінің тиісті жауапты тұлғасы бұл жолы еңбек тәрбиесін жақсырақ жүзеге асыру үшін еңбек сыныбының бастапқы жан-жақты тәжірибелік іс-шара сыныбынан бөліп алғанын айтты. Еңбек сабағы арқылы оқушылардың дұрыс еңбек құндылықтарын, жақсы еңбек әдеттері мен сапасын тәрбиелеп, оларды еңбекті түсінетін, еңбек істей алатын, еңбек сүйгіш заманның жаңа түлегі етіп баулып шығады.

Жаңа оқу жоспары стандарты бойынша оқу жоспары үш категорияға бөлінеді, олар: күнделікті еңбек, өндірістік еңбек және қызмет көрсету еңбегі.

Іс жүзінде көптеген жерлердегі бастауыш және орта мектептер, әлдеқашан өздерінің еңбек оқу бағдарламаларын зерттеуді бастады.

Чунциннің Лянцзян жаңа аумағындағы Синху мектебі 6 мың шаршы метрден астам оқу ғимаратының төбесін егістік орнына айналдырып, оған 10 мыңнан астам күнбағыс екті. Оқушылар өз күштерімен күнбағыстың арам шөптерін жұлып, суарып, жинап алды. Гуансидің Гуйган қаласы, Тэньтаң аумағындағы ауылдық бастауыш және орта мектептерінде «Мектеп сайын база, сынып сайын жері» бар жағдай қалыптасты, сонымен бірге ауыл-шаруашылық кәсіпқой техниктері және көгалдандыру және өсіру шебері сияқты мектептен тыс еңбек тәрбиесі бойынша кеңесшілер оқушылар арасында танымал болды.

«Еңбек сабақтарын жай ғана уағыздауға болмайды, әйтпесе ол оңай формальдылыққа өтіп, «Формашыл» еңбек тәрбиесіне айналады». Чунцин қалалық саяси кеңестің мүшесі Чен Диань: «Үлкен қалалар мен ауылдықтың мектептері, оңтүстік пен солтүстіктегі мектептер әртүрлі табиғи орталар мен жағдайларға ие. Сондықтан оқу бағдарламасының шынайы істелуі үшін жергілікті жағдайларға бейімделіп, оқушыларға нақты еңбек мүмкіндіктерін берукерек»-,деді.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото