2021 жылы Шыңжаңның цифрлық экономикасының ауқымы 420 миллиард юаньнан асып, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 12,97%-ға артты

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 24 мамыр

23 мамыр күні, онлайн «Халық Газеті» -- Жақында Шыңжаң университетінің Экономика және басқару институты, Шыңжаң цифрлық экономика академиясы, Қытай ақпараттық және коммуникациялық технологиялар академиясының саясат және экономика зертханасы бірлесіп дайындаған «Шыңжаң цифрлық экономикасының дамуын зерттеу туралы баяндамасы (2021)» жарияланды. «Баяндамада» 2021 жылы Шыңжаңның цифрлық экономикасының ауқымы 425,57 миллиард юань болып, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 12,97%-ға артып, Шыңжаңның жалпы ішкі өнімінің 27,36%-ын құрайтынын көрсетті.

«Баяндама» Шыңжаңның цифрлық экономикасының ауқымы тұрақты түрде артқанын, бұл толық өміршеңдік және үлкен өсу әлеуеті сияқты сипаттамаларды көрсетеді. Цифрлық экономика Шыңжаңның жоғары сапалы экономикалық дамуының қозғалтқышына айналғанын көрсетті. 2016-2021 жылдар аралығында Шыңжаңның цифрлық экономикасының ауқымы 204 миллиард 868 миллион юаннан 425 миллиард 570 миллион юаньға дейін артып, орташа жылдық өсу қарқыны 17,95%-ды құрады. Шыңжаңның цифрлық экономикасының региондық жалпы ішкі өнімдегі үлесі жылдан жылға артып, 2016 жылғы 21,3%-дан, 2021 жылы 27,36%-ға дейін өсті.

Цифрлық экономиканың құрылымы оңтайландыруды жалғастыруда. 2021 жылы Шыңжаңның цифрлық индустрияландыру ауқымы 40 миллиард 868 миллион юаньға жетіп, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 34,1%-ға артты. Өнеркәсіптік цифрландырудың басымдылығы айқындала түсті, 2021 жылы Шыңжаңдағы өнеркәсіптік цифрландырудың ауқымы 384,706 миллиард юаньға жетіп, жалпы цифрлық экономиканың 90,39%-ын құрады. Ішкі құрылым үздіксіз оңтайландырылып, цифрлық индустрияландыру мен өнеркәсіптік цифрландырудың пропорциялық алшақтық бірте-бірте азайып келеді.

«Баяндамада» Шыңжаңның цифрлық экономикасының аймақтық дамуы біркелкі емес екені көрсетілді. Ауқымы жағынан Үрімжінің цифрлық экономикасы бүкіл Шыңжаңда көш бастап тұр. Ал жалпы ішкі өнімнің үлесі бойынша Үрімжі мен Іле облысының цифрлық экономикасы ЖІӨ-нің 30%-дан астамын құрады.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото